«КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС Корпоративтік қаржыландыру департаментінің басшысы.
«КТ-Телеком» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Серіктестіктің инвестициялық жобаларын қарыз қаражаты мен өзге де қаржылық құралдарды пайдалану арқылы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында қаржыландыру тарту стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
- Банктік кредиттерді, синдикатталған қарыздарды, жобалық қаржыландыруды, облигациялар шығаруды және капитал нарығының өзге де құралдарын қоса алғанда, қаржыландыру тарту процесін ұйымдастыру;
- Қаржыландыру тарту мәселелері бойынша банктермен, халықаралық қаржы институттарымен, инвестициялық банктермен, экспорттық-кредиттік агенттіктермен, инвесторлармен және өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру және келіссөздер жүргізу;
- Қаржыландыру тарту жөніндегі мәмілелерді сүйемелдеуді қамтамасыз ету, оның ішінде кредиттік құжаттама талаптарының орындалуын, қаржылық ковенанттардың сақталуын және Серіктестіктің борыштық портфелін басқаруды қамтамасыз ету;
- Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету, оның ішінде капиталдың оңтайлы құрылымын айқындау;
- Корпоративтік қаржыландыру департаментінің қызметіне басшылық жасау, оның ішінде бөлімшенің жұмысын жоспарлау, қызметкерлердің кәсіби құзыреттерін дамыту, негізгі тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізуді бақылау және Серіктестіктің Басқармасы, Байқау кеңесі және өзге де басқару органдары үшін материалдар дайындау.
Талаптар:
- Келесі бағыттардың бірі бойынша жоғары білім: қаржы, экономика, есеп және аудит, халықаралық менеджмент;
- Жалпы жұмыс өтілі – кемінде 7 жыл, оның ішінде корпоративтік қаржы және қазынашылық саласында.
Кәсіби білім:
- Қазақстан Республикасының корпоративтік басқару, қаржы қызметі, бағалы қағаздар нарығы және банк қызметі саласындағы заңнамасын білу;
- Корпоративтік және жобалық қаржыландыру қағидаттарын білу;
- Инвестициялық жобаларды бағалау әдістерін білу;
- Борыштық капитал құрылымы мен қаржыландыру құралдарын білу;
- Банктік қаржыландыру тарту тәртібін білу;
- Синдикатталған кредиттеу тетіктерін білу;
- Облигациялар шығаруды (оның ішінде халықаралық облигацияларды) ұйымдастыру және сүйемелдеу тәртібін білу;
- Инвестициялық меморандумдарды, қаржылық модельдерді, инвесторлар мен кредиторларға арналған ақпараттық материалдарды дайындау тәртібін білу;
- Шарттық жұмыстың негіздерін білу (Facility Agreement, Term Sheet, Common Terms Agreement, Intercreditor Agreement, Security Documents, NDA және т.б.).
Еңбек жағдайлары:
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру;
- 5/2 жұмыс кестесі, 8 сағаттық жұмыс күні;
- Жалақының уақытылы төленуі;
- Жыл сайынғы еңбек демалысы – 24 күнтізбелік күн.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС жиынтық балансы және бухгалтерлік есеп бойынша функционалдық бағыт бойынша бас менеджер (18 Грейд)
«Әскерилендірілген темір жол күзеті» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
09.07.2026 | 462
Жалақы көрсетілмеген
Экономист
«Бірінші жел электр станциясы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.07.2026 | 3936