Автокөлік жүргізушісі (адамдарды тасымалдауға арналған жеңіл автокөлік)
«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.|
Талаптар
|
|
|
Білімі (мамандығы/біліктілігі) |
Жоғары техникалық / орта / орта техникалық / кәсіптік білім немесе жүргізуші куәлігінің болуы |
|
Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі |
Талап етілмейді |
|
Кәсіби білімдері мен дағдылары |
Талап етілмейді |
|
Сертификаттарының болуы |
Талап етілмейді |
|
«ҚМГ» компаниялар тобы құрамындағы / мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі |
Талап етілмейді |
|
Тілдерді білуі |
қазақша, орысша |
|
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер: |
|
|
1. Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларын білу; 2. Жеңіл автомобильдің құрылысын және техникалық сипаттамаларын, оны басқару және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін білу. |
|
|
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттері: |
|
|
2.1. Жолға шығар алдында өзіне бекітілген автокөлікті тексеруден өткізу. 2.2. Автокөліктің белгіленген орынға уақтылы берілуін қамтамасыз ету. 2.3. Автокөліктің тазалығын және ұқыпты сыртқы көрінісін сақтау, автокөліктің сыртын және ішін тұрақты түрде жуу. 2.4. Жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, автокөлікті жауапкершілікпен және ұқыпты басқару. 2.5. Өзіне сеніп тапсырылған автокөлікті басқару және оның техникалық жай-күйін бақылау, қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды өз бетінше орындау (пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес), автокөлікті жөндеу жүргізуге уақтылы ұсыну. 2.6. Автокөлікке техникалық қызмет көрсетуді және техникалық қарап-тексеруді тұрақты әрі уақтылы жүргізу. 2.7. Күзет сигнализациясын және қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзге де құралдарын пайдалана отырып, автокөліктің сақталуын қамтамасыз ету. 2.8. Автокөлік құралын жөндеу кезінде инженердің (ӨБЖБ), бөлім бастығы орынбасарының немесе Өндірісті жедел басқару бөлімінің (ӨЖББ) бастығының тапсырмасы бойынша техниканы жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарына қатысу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін техниканы орындалған жұмыстар актісі бойынша қабылдауға қатысу. 2.9. ЖЖМ (жанар-жағармай материалдарының) төгілуіне және оның топыраққа түсуіне жол бермеу, бұл мақсатта қажетті құрал-жабдықтарды пайдалану. 2.10. Күн сайын автокөліктің жұмысқа техникалық дайындығын және санитарлық жағдайын тексеру, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін жүйелердің жарамдылығына ерекше назар аудару. Ақаулар анықталған жағдайда белгіленген тәртіппен тікелей басшыға, автокөлікке жауапты инженерге (ӨБЖБ) және ӨЖББ бастығының орынбасарына хабарлау. 2.11. Медициналық қобдишаның және өрт сөндіргіштің болуын қамтамасыз ету. 2.12. Жол қозғалысы кезінде барынша мұқият болу, Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы қағидаларына сәйкес рұқсат етілген жылдамдықты сақтау, бұл ретте қозғалыс қарқындылығын, көлік құралы мен жүктің ерекшеліктері мен жай-күйін, жол және метеорологиялық жағдайларды, атап айтқанда қозғалыс бағыты бойынша көріну мүмкіндігін ескеру. 2.13. Қозғалысы қарқынды қалаларда (оның ішінде №1 және №2 мұнай-газ өндіру цехтарының аумағында) қозғалыс қарқындылығы төмен қауіпсіз бағытты таңдау. 2.14. Жұмыс басталғанға дейін, жұмыс барысында және жұмыс аяқталған кезде жеңіл автомобиль жүргізушілеріне арналған еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық пен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау. 2.15. Автокөлікте ақаулар анықталған жағдайда автокөлікке жауапты инженерге (ӨБЖБ) және ӨЖББ бастығының орынбасарына хабарлап, ақаулар жойылғанға дейін қозғалысты тоқтату. 2.16. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, сондай-ақ ауырған немесе еңбек демалысына шыққан жағдайда тұтандыру кілттерін және көлік құралына қажетті құжаттарды автокөлікке жауапты инженерге (ӨБЖБ) және ӨЖББ бастығының орынбасарына тапсыру. 2.17. Автокөліктің құрылысын, техникалық пайдалану қағидаларын, басқару және жөндеу жүргізу үшін қажетті техникалық сипаттамаларын білу. 2.18. Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларын білу. 2.19. Қазақстан Республикасының жол қозғалысы қағидаларын және автокөлік құралдарын техникалық пайдалану талаптарын сақтау. 2.20. Қазақстан Республикасында автокөлікпен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын сақтау. 2.21. Автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығын сақтау. 2.22. Алғашқы (медициналық) көмек көрсету негіздерін білу. 2.23. Серіктестіктің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау. 2.24. Бөлім жүргізушісіне мыналарға тыйым салынады: - техниканы және ЖЖМ-ді жеке мақсаттарда пайдалану (кем құю, төгу, басқа тұлғаларға беру); - өзіне бекітілген автокөлікті бөгде тұлғаларға басқаруға беру; - автокөлік салонында тамақтану, демалу немесе ұйықтау; - автокөлік қозғалысы кезінде негізгі жұмыстан алаңдау; - автокөлік салонында темекі шегу; - салонда бөгде тұлғалардың болуына және салон өтетін жерлерін бөгде заттармен толтыруға жол беру; - қараңғы уақытта жарықсыз немесе жеткіліксіз жарық жағдайында жұмыс істеу; - кен орындарында, жұмыс уақытында, жұмысқа бару және қайту жолында алкогольдік, есірткілік және уытты заттарды қолдану. 2.25. Әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік ауру (улану) белгілері, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туралы өзінің тікелей басшысына, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бастығына, автокөлікке жауапты инженерге (ӨБЖБ) және ӨЖББ бастығының орынбасарына дереу хабарлау. 2.26. Міндетті мерзімдік жыл сайынғы медициналық тексеруден, сондай-ақ кәсіптік ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық куәландырудан өту. 2.27. Медициналық мекеме тағайындаған емдеу және сауықтыру іс-шараларын орындау. 2.28. Тамақтану, темекі шегу және демалу үшін арнайы белгіленген орындарды пайдалану. 2.29. Жұмыс берушіге құқыққа қайшы немесе өзге де әрекеттері мен әрекетсіздігі нәтижесінде келтірілген тікелей нақты залалды өтеу. Өзіне сеніп тапсырылған автокөлік үшін материалдық жауапкершілік көтеру. 2.30. Тікелей басшы тапсырған өзге де жұмыстарды орындау. 2.31. Тікелей басшының, автокөлікке жауапты инженердің (ӨБЖБ) және ӨЖББ бастығы орынбасарының тапсырмасы бойынша өндірістік қажеттілік болған жағдайда рұқсат құжаттары болған кезде басқа автокөлік құралдарын басқару. 2.32. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік-санитариялық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау. 2.33. Тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес орындалатын жұмыстар шегінде қажетті білімге ие болу. 2.34. Серіктестіктің еңбек тәртібі қағидаларын сақтау. |
|
Ұқсас вакансиялар