«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Ірі жобаларды іске асыру дирекциясы» Техникалық қадағалау бөлімінің бас менеджері (19 грейд)

от 652 848
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы – «Ірі жобаларды іске асыру жөніндегі дирекция» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Техникалық қайта жарақтандыру және өндіріс тиімділігін арттыру бөлігінде бизнес-жоспарларды жасауға қатысады;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды және мердігерлік құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдауды жүзеге асырады;
  • Жасалған шарттардың талаптарына және ҚР заңнамасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кестесін сақтауға қатысушылармен бірлесіп қатысады;
  • Барлық құрылыс-монтаждау және басқа да құрылыс жұмыстарының орындалу мерзімдері мен сапасына, олардың бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, құрылыс нормалары мен қағидаларына, стандарттар мен техникалық шарттарға, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау нормаларына, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде ұйымның талаптарына сәйкестігіне бақылау жүргізеді;
  • Жасалған шарттардың талаптарына және ҚР заңнамасына сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде техникалық қадағалау қызметтерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Темір жол желілері мен темір жол инфрақұрылымы объектілерін күрделі салу, реконструкциялау және жаңғырту бойынша іске асырылып жатқан жобалардың орындалу барысына мониторинг пен шоғырландыруды қамтамасыз етеді;
  • Компанияның қатысушы құрылымдық бөлімшелерімен күрделі құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге және жобалауға, теміржол желілері мен теміржол инфрақұрылымы объектілерін реконструкциялауға және жаңғыртуға тапсырмалар дайындауға қатысуды қамтамасыз етеді;
  • Уәкілетті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда техникалық-экономикалық негіздемені бекіту және қайта бекіту бойынша қатысушы құрылымдық бөлімшелермен қатысуды қамтамасыз етеді;
  • Құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерді орындауына бақылау мен талдау жүргізеді, қажетті жағдайларда шарттарда көзделген санкциялар ұсынады, құрылысты қымбаттататын және стандарттар мен техникалық шарттарға сай келмейтін құрылыс материалдарын, бөлшектері мен бұйымдарын қолдануға жол бермейді;
  • Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен және мердігер ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп орындалған жұмыстарды түгендеуге және кепілдік мерзімі ішінде анықталған ақаулар мен кемшіліктерге екі жақты актілер жасауға қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер бойынша сарапшы аттестатының болғаны жөн;
  • Мамандығы: Құрылыс (ғимараттар мен құрылыстар салу, темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), Автоматтандыру және басқару; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: тиісті қызмет саласында кемінде 4 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда 2 жыл.

Қосымша талаптар:

  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы, мамандандырулар бойынша, сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді орындау мәртебесін және оның құқығын куәландыратын сарапшы аттестаты болуға тиіс:                                                                                                              - бөлімде-инженерлік желілер;                                                                                                                                                                                                          - бөлімдеірек және қоршау конструкциялары;                                                                                                                                                                              - бөлімде - технологиялық жабдық.
  • - ISO 14001-2015, ISO 45001-2018, ISO 9001-2015, ISO 50001-2018 халықаралық стандарттарын меңгеру
  • Тиісті лауазым бейіні бойынша магистр дәрежесінің болуы/МВА/басқа.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр