"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының бизнес-талдау департаменті Қостанай өңірлік бөлімінің инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Орындалған қызмет аясында қолданыстағы әдістемені сақтау және статистикалық есептердің дұрыс жасалуына жүйелі түрде бақылау жүргізеді. Статистикалық ақпарат пен есептіліктегі асыра көрсетулер мен өзге де бұрмалаушылықтарды жою және олардың алдын алу шараларын қабылдайды;
- есептік сағатта қозғалыстағы пойыздар құрамында тұрған жүк вагондарының бары туралы ведомосты (ДУ-10 нысаны) және жүк паркі вагондарының баланста болуы мен бос вагондардың бары жөніндегі кітапты (ДУ-16 нысаны) толтырады;
- ДО-2 және ДО-15 нысандары бойынша статистикалық есептерді жинап, құрастырады;
- ДО-2 және ДО-15 нысандары бойынша статистикалық есептердің көрсеткіштері бар макеттерді қалыптастырып, ДИСКОР ақпараттық жүйесіне береді;
- есептік сағатта қозғалыстағы пойыздар құрамында тұрған жүк вагондарының болуы туралы деректерді орындалған пойыз қозғалысы кестесі негізінде жинайды, тексереді және қорытындылайды;
- статистикалық есептер мен ақпараттық жүйелердегі жүк вагондарының болуы, жұмысы, жағдайы және пайдаланылуы көрсеткіштерінің алшақтығына бақылау жасайды, ГВЦ қалыптастыратын ДО-1, ДО-2, ГО-1, ГО-2, ГО-3 нысандары бойынша пойыздарды, жүк вагондарын және контейнерлерді қабылдау және тапсыру, жүк жұмысы туралы станциялардан алынған ақпаратпен салыстыру жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: статистика; автоматизация и управление; информационные системы; транспорт, транспортная техника и технологии; логистика (по отраслям); организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта; экономика; финансы; учет и аудит; менеджмент и/или железнодорожные специальности.
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі саласында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр