«Қазпочта» АҚ Қаржылық қызметтерді сату департаментінің бас менеджері
«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
1. Жетекшілік ететін қызмет/филиал бойынша сату жоспарларының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.2. Жетекшілік ететін Департамент менеджеріне бақылау жүргізу, практикалық және әдістемелік көмек көрсету.
3. Сатуды жедел болжау және жоспарлау:
1. Сатудың маусымдық ауытқуларын ескере отырып, қысқа мерзімді кезеңдегі күтілетін сату көлемін бағалау;
2. Жетекшілік ететін өнім бойынша облыстық филиалдар мен поштамттардың сату көлемі мен кірістерін болжау.
4. Сату жоспарларының орындалуын жедел бақылау:
1. Филиалдар бөлінісінде жетекшілік ететін қызмет бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын тексеру және жоспардан ауытқу себептерін талдау;
2. Жетекшілік ететін қызмет бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуындағы ауытқулар туралы талдамалық есеп дайындау;
3. Жоспарлы көрсеткіштердің орындалуындағы ауытқулар туралы талдамалық есепті мүдделі тұлғаларға жеткізу;
4. Жетекшілік ететін қызмет бойынша компаниялар нарығына талдау жүргізу және сатуды арттыру мақсатында шарттар жасасу қажеттілігі бойынша ақпаратты кейіннен Қоғамның «Корпоративтік сату дирекциясы» филиалына ұсыну;
5. Жетекшілік ететін қызмет бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуын тексеру нәтижесінде енгізілген түзетулердің орындалуын бақылау;
6. Орталық аппараттың тиісті құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:
o Оқыту жоспарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ өңірлік сату менеджерлері деңгейінде операторлар мен сату мамандарын оқытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
o Филиал операторларын аттестаттау үшін қызметтер бойынша тест сұрақтарын әзірлеу;
o Филиалдардың сату командасы үшін семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру.
5. Облыстық филиалдармен және поштамттармен өзара іс-қимыл жасау:
0. Жетекшілік ететін қызмет бойынша материалдар мен қызметтердің презентацияларын дайындауға (коммерциялық ұсыныстар әзірлеу, жарнамалық материалдардың мәтіндерін дайындау) және басқа да сату құралдарын әзірлеуге қолдау көрсету;
1. Қаржылық қызметтердің әлеуетті клиенттерін, қызмет жеткізушілерін, Қоғам жобаларына қатысатын компанияларды тарту үшін ұйымдардың тізімін ұсыну, сондай-ақ қолданыстағы компаниялармен ынтымақтастықты кеңейту;
2. Жетекшілік ететін қызметті ілгерілету бағдарламаларын әзірлеуге қолдау көрсету;
3. Жетекшілік ететін қызмет бойынша сатуға қатысты әдістемелік және ұсынымдық хаттарды жолдау;
4. Жасалған шарттар бойынша сату есептерін және жетекшілік ететін қызметке қатысты басқа да есептерді жинақтау.
Талаптар:
-
Профиль бойынша жоғары білім: экономика және / немесе қаржы, және / немесе банк дело, және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит, және/немесе менеджмент және / немесе маркетинг.
Қаржы қызметтері және/немесе банк саласы, пошта саласы және/немесе өндірістік көрсеткіштерді талдау және/немесе экономикалық талдау және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
Шарттары:
-
Бес күндік жұмыс аптасы екі демалыс күнімен - сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс (жұмыс күні, ауысым) ұзақтығы 8 (сегіз) сағат апта сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалуға және тамақтануға арналған үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-00-ге дейін.
-
Астана қ.