түйіспелі торап ауданының электрмеханигі

358 825 - 374 943
Шуская дистанция электроснабжения Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
19

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Түйіспелі желі, ӘЖ (әуе желілері) және КЖ (кабельдік желілер) құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуді уақтылы жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру;

            Түйіспелі желі, ӘЖ және КЖ  құрылғыларын және энергетика құрылғыларын күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

            Түйіспелі желіні күтіп ұстау мәдениетін және оның жай-күйін балдық бағалау бойынша нормативтік көрсеткіштерге сәйкес қамтамасыз ету;

            Жұмыс жүргізу кезінде ҚТ (қауіпсіздік техникасын), еңбекті қорғау ережелері мен нормаларының барлық талаптарын қамтамасыз ету;

            Жұмыс жүргізуге нарядтар мен өкімдерді ресімдеу, поездарға ескертулерберу;

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын және орындалатын жұмыстардың сапасын мерзімді тексеріп тұру;

            Түйіспелі желі құрылғылары мен электр беру желілерінің, ТП (трансформаторлық қосалқы станция), КТПжай-күйін айналып өту, қарап шығу, текксеру және ток алу арқылы бақылау;

Анықталған ақауларды тіркеу және оларды жоюды ұйымдастыру;

Түйіспелі желі және ЭБЖ, ТП, КТП құрлғыларының ақауларының алдын алу, «тар жерлерді» жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

Темір жолдың және бөгде тұтынушылардың үздіксіз электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету;

Кез-келген күрделілікті авариялық қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, элктрлендірілген учаскеде жұмвс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Электрлендірілген учаскедегі «толаскөз» кезінде жұмыс істеу барысында сабақтас қызметтердің жұмысшыларын ұйымдастыру, жұмысқа жіберу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташа)