«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС нормативтік-құқықтық, шарттық және корпоративтік жұмыс тобының (17-грейд) менеджері
- Құрылған күні:
-
11.07.2026
- Берілген өтінім:
- 20
- Қаралған саны:
- 225
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Қоғамның қызметіне қатысты құқықтық сипаттағы құжаттарға, ұжымдық шартқа және өзге де келісімдерге құқықтық сараптама жүргізу.
- Мәмілелерді, құқықтық қорытындыларды дайындау және сүйемелдеу, Қоғамның басқару органдарының қарауына шығарылатын материалдарды қарау.
- Қоғамның қызметі барысында анықталған Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілері бойынша істерді қарау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында Қоғамның мүдделерін білдіру.
- Қоғам бұйрықтарының заңдылығын тексеру, сенімхаттарды дайындау, теміржол көлігімен тасымалдау кезінде күзет қызметтерін көрсету барысында жүктердің сақталуын қамтамасыз етпеу жағдайлары бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге тиісті құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп қатысу (қажет болған жағдайда).
- Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелері мен Қоғам филиалдарын олардың сұрауы бойынша нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларын қолдану бойынша түсіндірмелер дайындау, сатып алу рәсімдеріне қатысу, тендерлік құжаттаманы, сатып алуға қатысты бұйрықтар жобаларын қарау.
- Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуын анықтау және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері тарапынан олардың алдын алу бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында Қоғам қызметін зерделеу және талдау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы өзгерістер туралы қызметкерлерді хабардар ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқықтану ісі; Құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 2 жыл.
Қосымша талаптар:
- Шарттық, талап-арыз және сот-иск жұмыстары бойынша, корпоративтік өзара қарым-қатынастарды жүргізу, жасалған шарттар талаптарының тиісінше орындалмауы фактілері бойынша талаптарды қарау саласында тәжірибесінің болуы.
- Ұйымдастыру техникасымен, «Excel», «Word» бағдарламаларымен, «Параграф», «Сот кабинеті», АИСОИП, Учет.kz және басқа да сервистермен жұмыс істей білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар