«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) директорының кедендік жұмыс бойынша орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- ҚР заңнамасы талаптарына, жасалған шарттарға, кедендік заңнамаға сәйкес, сондай-ақ уақытша сақтау қоймасының (УСҚ) қызметі шеңберінде клиенттермен өндірістік байланыстарды ұйымдастыру және жүктерді кедендік ресімдеу жұмыстарын үйлестіру.
- Кедендік ресімдеу қызметтерін көрсету және УСҚ қызметі мәселелері бойынша Филиал мен Қоғам клиенттерімен келіссөздерге дайындық жүргізу және оларға қатысу.
- Автомобиль және теміржол көлігімен тасымалдауларды жүзеге асыру кезінде сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа нысандарын дамыту жөнінде ұсынымдар әзірлеу.
- ҚР Кеден кодексіне және Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) шешімдеріне сәйкес кедендік декларациялардың дұрыс толтырылуын бақылау.
- Филиал клиенттеріне тауарларды кедендік ресімдеу мәселелері бойынша консультациялық қолдау көрсету.
- Тексерулер нәтижелері бойынша түзету және алдын алу іс-шараларын әзірлеуге қатысу және олардың іске асырылуына жәрдемдесу (құрылымдық бөлімшеге бекітілген қызмет бағытына сәйкес).
- Филиалдың құзыреті шегінде сыртқы экономикалық байланыстарға, кедендік ресімдеуге қатысты құжаттар бойынша іс жүргізуді және есептілікті жүргізу.
- Құрылымдық бөлімшеге бекітілген қызмет бағытына сәйкес Қоғамның сапа саласындағы саясатын іске асыруға қатысу.
- Филиалдың құзыреті шегінде кеден заңнамасын бұзуға байланысты Қоғамды және Филиалды әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдау.
- Құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамда өткізілетін жұмыс топтарының, кеңестердің және отырыстардың жұмысына қатысу.
- Агенттік пункттердің жұмысын ұйымдастыру және олардың қызметіне басшылық жасау, жұмыс нәтижелерін бақылау.
- Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу барысында құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
- ҚР заңнамасының және кедендік ресімдеу жөніндегі ішкі құжаттардың талаптарын ескере отырып, шетелдік әріптестермен шарттар жасасу мәселелері бойынша келіссөздерге қатысу.
- ҚР заңнамасының және ішкі аудит талаптарының талаптарына сәйкес белгіленген статистикалық есептілікті және бөлімдердің қызметіне қатысты ағымдағы құжаттаманы дайындау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Логистика (терминалдық-қоймалық қызмет); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік; Көлік техникасы мен технологиялары; Экономика; Құқықтану; Менеджмент; Аймақтану; Халықаралық қатынастар.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі, оның ішінде қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы