"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының мемлекеттік тілді дамыту секторының менеджері (15 грейд)
- Құрылған күні:
-
13.07.2026
- Берілген өтінім:
- 17
- Қаралған саны:
- 175
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі жергілікті актілерді әзірлейді, оларды бекітуді және өзектендіруді қамтамасыз етеді ;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ мемлекеттік тілді дамыту мәселелері бойынша әдістемелік семинарлар, дөңгелек үстелдер, кеңестер және басқа да іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді ;
- Теміржол саласының ерекшелігін ескере отырып, «ҚТЖ «ҰК» АҚ қызметкерлерін мемлекеттік тілге жеделдетіп оқыту үшін теміржол көлігі объектілерінің терминологиясы бойынша мемлекеттік тілде оқулықтар, сөздіктер, өздігінен оқу құралдары, анықтамалықтар мен өзге де әдебиеттерді әзірлеу, сонымен қатар оқытудың инновациялық нысандарын (мемлекеттік тілді оқытудың қарқынды технологиялары бойынша компьютерлік бағдарламалар) енгізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар/ұсыныстар әзірлейді;
- терминологиялық сөздіктерді, теміржол көлігі объектілері атауларының жинақтарын мемлекеттік тілде және/немесе мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының қызметкерлері үшін «Қазтест» бағдарламасы негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеуді ұйымдастырады және өткізеді;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін мемлекеттік тіл курстарын ұйымдастырады
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да және оның еншілес ұйымдарында мемлекеттік тіл саясатын іске асыру жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде жұмысын ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Жоғары.
- Мамандығы: Қазақ тілі мен әдебиеті; Әлеуметтану; Әлеуметтік жұмыс; Педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану, гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар); Филология; Аударма ісі; Жұртшылықпен байланыс; Саясаттану; Құқықтану.
- Еңбек өтілі: Қызмет бейіні бойынша: 3 жылдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр