Бизнес-жоспарлау бөлімінің бас маманы Экономика басқармасы
- Құрылған күні:
-
13.07.2026
- Берілген өтінім:
- 2
- Қаралған саны:
- 1181
Міндеттері:
-
- мемлекеттік менеджмент жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жоспарлар мен бағдарламаларды орындауға қатысады;
- құрылымдық бөлімшелердің өтінімдерін тексереді (негіздеме материалдарының толықтығы, есептердің дұрыстығы) Даму жоспарының жобасын, Бюджетті және олардың түзетулерін қалыптастыруға және белгіленген нысандарға сәйкес Жалғыз акционерге сәйкес компанияның Даму жоспарының жобасын, Бюджетін және олардың түзетулерін қалыптастырады;
- Қоғамның Даму жоспарын біріктіру кезінде Филиалдың деректерін тексереді, Филиал өз қызметі шеңберінде бөлек Даму жоспары мен Бюджетті дербес қалыптастырады, ол Қоғамның біріктірілген Даму жоспарында бекітіледі;
- бюджеттің ішкі резервтерін пайдалануды үйлестіреді;
- «АЖК» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін талдайды;
- «АЖК» АҚ-ның Жылдық сатып алу жоспарының жобасын және тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ұзақ мерзімді сатып алу жоспарын тексеруге қатысады;
- сатып алынатын тауарлар, жұмыстар және қызметтер паспорттарын және тізімдерін тексеруге қатысады;
- «АЖК» АҚ-ның Жылдық сатып алу жоспарына және тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы өтінімдерді тексеруге қатысады (өтінім бекітілген бюджет көрсеткіштерінен асып кетпеу тұрғысынан тексеріледі);
- тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу бойынша шарттардың жобаларын, шарттарға қосымша келісімдерді, төлем паспорттарын тексеруді жүзеге асырады;
- құрылымдық бөлімшелердің өтінімдерін Бюджеттік комитетке (үнем сомасының есебі, материалдардың толықтығы, есептеулер және т.б.) қатысты тексеруді жүзеге асырады;
- Microsoft Access «СГЗ» және «Бюджет» деректер базалары бойынша бюджетті бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- Microsoft Access «СГЗ» деректер базасында «АЖК» АҚ-ның Жылдық сатып алу жоспарына, тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына енгізілетін өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы бұйрыққа сәйкес ақша қаражатын қайта бөлуін жүзеге асырады.
- бақылаушы органның сұрау салулары бойынша ақпарат ұсынады;
- Бөлім құзыреті шегінде құрылымдық бөлімшелердің, жоғары тұрған ұйымдардың, мемлекеттік органдардың хаттары, өтініштері, сұрау салулары бойынша түсіндірмелерді, есептеулерді және өзге қажетті ақпаратты қарастырады және дайындайды;
- Бөлім бастығының, Басқарма бастығының және оның Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орынбасарының басқа да тапсырмаларын орындайды;
- құжаттарды белгіленген тәртіпке сәйкес ресімдейді;
- «АЖК» АҚ аумағында қолданыстағы «Қауіпсіздіктің Алтын ережелерінің» талаптарын сақтау;
«АЖК» АҚ-ның УКНиОТ-на барлық анықталған әлеуетті қауіпті оқиғалар мен қауіпті жағдайлар туралы хабарлау.
Талаптар:
-
жоғары қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
кәсіпорынның экономикалық қызметін жүзеге асыру бойынша берілген құқықтар шегінде жұмыстарды орындау дағдылары.
бухгалтерлік есеп саласындағы бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істеу дағдылары (1-С бухгалтерия), Microsoft Office бағдарламалары.
- білуі тиіс:
экономиканың негіздері, еңбек пен басқаруды ұйымдастыру;
Халықаралық стандарттар: ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001;
еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрттен қорғау ережелері мен нормалары;
осы лауазымдық нұсқаулық
Шарттар:
-
5 күндік жұмыс аптасы, 08.00 сағаттан 17.00 сағатқа дейін 8 сағаттық жұмыс күні; түскі үзіліс – 1 сағат, 12.00 сағаттан 13.00 сағатқа дейін.