Жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаментінің аға инженері (аутстаффинг секторы)
«KMG Digital» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Веб-қосымшалардың пайдаланушы интерфейстерін әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу.
- Ақпараттық жүйелердің клиенттік бөлігінің архитектурасын жобалау және дамытуға қатысу.
- Веб-қосымшаларды сыртқы және ішкі API-лермен интеграциялау.
- Аутентификация, авторизация және пайдаланушылардың қолжетімділік құқықтарын шектеу механизмдерін іске асыру.
- Электрондық цифрлық қолтаңбамен жұмыс істеу функционалын әзірлеу.
- Клиенттік қосымшалардың ақпараттық қауіпсіздігін және серверлік сервистермен қауіпсіз өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету.
- Веб-қосымшалардың өнімділігін баптау және оңтайландыру.
- UX/UI талаптарын ескере отырып бейімделгіш пайдаланушы интерфейстерін әзірлеу.
- Қосымшаларды жинау және орналастыру (deploy) процестерін баптау және сүйемелдеу.
- Әзірленген шешімдер бойынша техникалық құжаттаманы дайындау және өзектендіру.
- Әзірленетін жүйелерге қойылатын талаптарды жинау, талдау және ресімдеу.
- Тестілеуге қатысу, қателерді жою және енгізілген шешімдерді сүйемелдеу.
- Жобаларды іске асыру және сүйемелдеу кезінде әзірлеу командасымен өзара әрекеттесу.
- Корпоративтік порталдар мен аналитикалық платформаларды әзірлеуге қатысу.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби білім
- Кәсіби қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі
- Фронтенд-әзірлеудің заманауи технологиялары мен қағидаттарын білу.
- HTML5, CSS3, JavaScript тілдерін білу.
- React.js, Next.js, Vue.js кітапханалары мен фреймворктарын білу.
- Пайдаланушы интерфейстерін құру және бейімделгіш верстка қағидаттарын білу.
- Клиенттік қосымшалардың REST API және GraphQL API-мен өзара әрекеттесу қағидаттарын білу.
- Қосымшалардың күйін басқару құралдарын білу.
- UI кітапханаларын білу: Material UI, PrimeReact, PrimeVue, React Admin.
- Веб-қосымшаларды жинау және оңтайландыру құралдарын білу.
- Веб-қосымшалардың ақпараттық қауіпсіздігінің негіздерін білу, деректерді қорғау және осалдықтардың алдын алу.
- Қосымшаларды контейнерлеу қағидаттарын және веб-серверлерді баптауды білу (Docker, Nginx).
- Git нұсқаларды бақылау жүйелерін және тапсырмаларды басқару жүйелерін білу.
- Жүйелік талдаудың негіздерін, талаптарды жинау және құрылымдау қағидаттарын білу.
- Техникалық құжаттаманы әзірлеу қағидаттарын білу
Шарттары:
- ҚР ЕҚК (Еңбек кодексіне) сәйкес ресімдеу
- Әлеуметтік пакет
Ұқсас вакансиялар
«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялық жүйелер» филиалының өндірістік-техникалық қызметінің инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 176
Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялар жүйелер» филиалы Солтүстік өңірлік орталығы өндірістік қамтамасыз ету тобы жетекші инженері
«KEGOC» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
23.07.2026 | 208
от 358 100 KZT