4-разрядты НПС операторы НПС «Екібастұз» Павлодар мұнай құбыры басқармасы (вахтасыз)

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
494

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) мұнай айдау технологиялық процесін қашықтан басқару пульті арқылы жүргізу, сорғы өнімділігі сағатына 3000 м³-ге дейін болатын автоматтандырылған МНҚС-да магистральдық құбырларда жұмыс істеген кезде; МНҚС жабдығының SCADA жүйесіндегі жұмысын бақылау; берілген айдау режимін қамтамасыз ету;

    2) бақылау-өлшеу аспаптары бойынша электрқозғалтқыштардың жүктемесін, сорғылардағы және құбырдағы жұмыс қысымын, сорғы агрегаттарының дірілін, сорғылар мен электрқозғалтқыштардың мойынтіректерінің температурасын бақылау; аспап көрсеткіштерін алу; сорғыларға, салқындату және желдету жүйелеріне, бекіткіш арматураға қызмет көрсету; сорғыларды іске қосуға дайындау, іске қосу және тоқтату; МНҚС «Экибастуз» автоматтандырылған қазандықтың жұмыс параметрлерін бақылау;

    3) суқыздырғыш қазандықтардың және қазандық жабдығының жұмысын бақылау. Қазандықтардағы су деңгейін, судың қысымы мен температурасын бақылау-өлшеу аспаптары арқылы бақылау. Температуралық графикке сәйкес қазандықтардың жұмысын (жүктемесін) реттеу және қазандықтардың жұмыс параметрлері журналына тіркеу.

    4) еңбек міндеттерін орындауына байланысты оған белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу;

    5) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын, жұмыс орнында өнеркәсіптік қауіпсіздікті пайдалану талаптарын білу және сақтау, сондай-ақ жұмыс орнында алғашқы өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы мен олардың техникалық жай-күйіне тікелей бақылау жүргізу;

    6) жұмысты тоқтату және адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлердің мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы тікелей басшыға хабарлау және оны әрі қарай талдау мен алдын алу және түзетуші іс-қимылдарды әзірлеу мақсатында инциденттерді тіркеу журналында тіркеу;

    7) жедел журналда жабдықтың ақаулығы туралы барлық жазбалармен танысу, технологиялық және жедел жағдайды, мұнай құбырларының жұмыс режимдерін, байланыс және хабарлау құралдарын көрсете отырып.

Талаптар:

  • Оператор МНҚС мамандығы бойынша біліктілік куәлігінің болуы, кемінде 4-разряд

Шарттар:

  • Ауысымдық жұмыс режимі (вахталық емес), еңбек жағдайлары қалыпты
  • Жұмыс орны: Павлодар облысы, Экибастуз қ., МНҚС «Экибастуз»

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж