«Бейнеу» ЛПДС-інде электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтер
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.- Құрылған күні:
-
13.07.2026
- Берілген өтінім:
- 94
- Қаралған саны:
- 1253
Міндеттері:
-
1) ауысымды қабылдау және тапсыруға байланысты жұмыстарды орындау, жұмысқа уақтылы дайындалу және өз жұмыс орнын, жабдықты, құрал-саймандарды, саймандар мен бейімдемелерді жинастыру, оларды тиісті күйде ұстау. Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу. Еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртіптемесі қағидаларын сақтау, Қоғамның және қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау.
2) еңбек міндеттерін орындауына байланысты оған белгілі болған қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария етпеу. ҚР заңнамасында белгіленген шектерде Қоғамға келтірілген зиянды өтеу.
3) жұмысты тоқтату және адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен қызметкерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін туындаған жағдай туралы тікелей басшыға хабарлау және оны әрі қарай талдау мен алдын алу және түзету іс-қимылдарын әзірлеу мақсатында инциденттерді тіркеу журналына тіркеу;
4) оның жұмысына қатысты елеулі экологиялық аспектілерді және олардың қоршаған ортаға нақты және ықтимал әсерлерін білу. Қалдықтармен жұмыс істеу бойынша талаптарды білу және сақтау;
5) жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің көмегімен жүктерді ілмектеу және жылжыту ережелерін білу және сақтау. Электр беру желілерін, жер асты құбырларына арналған электрохимиялық қорғаныс элементтерін монтаждау, жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүргізу. Электр беру желілерінің (ЭБЖ) 6–10 кВ тармақтарының, ажыратқыштардың (шунттардың), жерге түсіру түсулерінің, жерге тұйықтау контурларының техникалық қызмет көрсетуін жүргізу. Құбырлар трассасы бойынша потенциалдарға электрометриялық өлшеулер жүргізу. Жүк көтергіш механизмдер мен арнайы бейімдемелердің көмегімен жүктермен такелаждық жұмыстарды орындау. Топырақтың меншікті кедергісін анықтау. Катодтық қорғаныс автоматты станцияларының параметрлерін реттеу, тіркеу, пайдалану және күрделі жөндеу жүргізу. Катодтық шығыршықтарды (выводтарды) қолданыстағы құбырға термиттік дәнекерлеу арқылы бекіту жұмыстарын жүргізу. 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді және оларға қадағалауды ұйымдастыру. Құбырлардың оқшаулау жабынының тұтастығын аспаптық әдіспен тексеру. Оқшаулаудың күйін катодтық поляризация әдісімен анықтау; катодтық қорғаныс станциясына күрделі жөндеу жүргізу. Әуе электр беру желілері мен электрохимиялық қорғаныс құралдарының жұмыс режимі бұзылған кезде жұмыстардың қалыпты режимін қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау. Білімін тексеру туралы куәлікті үнемі өзімен бірге алып жүру, теориялық білімін және практикалық дағдыларын арттыруға жұмыс істеу. Қарау кезінде анықталған кемшіліктер туралы тікелей басшыға баяндау. Мүлікке және материалдық-техникалық құндылықтарға, құралдарға, ЖҚҚ (СИЗ), құжаттамаға (нұсқаулықтар, журналдар, куәлік және т.б.) ұқыпты қарау;
6) пайдаланылып жатқан жабдықтың эстетикасын сақтау, бояу жұмыстарын орындау, жабдықта бекіткіштердің бар-жоғын бақылау және қажет болған жағдайда жабдыққа технологиялық нөмірлерді салу, оның дұрыс орындалуын бақылау;
7) авариялық жағдайдың дамуын шектеу және оны аварияны жою жоспары бойынша жою үшін қажетті шаралар қабылдау. Авариялар мен инциденттердің себептерін тергеу кезінде жәрдем көрсету;
8) ISO/IEC 27001 сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі саласындағы Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау және орындау;
9) жауапты ИТР-сыз (инженер-техникалық қызметкер) қауіптілігі жоғары жұмыстарды бастамау және орындамау, наряд-рұқсаттар мен от жұмыстарын жүргізуге арналған жазбаша рұқсаттар бойынша газқауіпті жұмыстарды орындамау.
Қосымша ақпарат:
Төзімділік, орындаушылық, тәртіптілік, Жауапкершілік, Кәсіби сенімділік, Өзін-өзі дамыту және оқыту, Кәсіби шеберлік, Бейімделу қабілеті, Зейінділік, Икемділік, Қуаттылық.
Талаптар:
-
- Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтердің біліктілік куәлігі (ЭХҚ және ЭБЖ);
- Электр қауіпсіздігі бойынша IV топтың біліктілік куәлігі (1000 В-қа дейін және 1000 В-тан жоғары).
Шарттар:
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар