Кешенді және айналмалы жабдықтар бойынша аға инженер (Senior Packaged and Rotating Equipment Engineer) — КПО Б.В. құрамына іссапарға жіберу (Прикомандирование дегенді “іссапарға жіберу” деп аударуға бола ма?)

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
223

   Конкурс туралы

Білім және жұмыс тәжірибесі:

  • Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Жинақтаушы және айналмалы жабдық бойынша маман немесе инженер лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білім:

  • мұнай мен газды өндіру және құрлықтағы дайындау объектілері;
  • жобаның концепциясын таңдау, FEED (Front-End Engineering Design) орындау, егжей-тегжейлі жобалау, жобаны іске асыруды сүйемелдеу және оны аяқтау бойынша инженерлік практика;
  • мұнай-газ саласының объектілерінде технологиялық жабдықты жобалау және монтаждау;
  • мұнай-газ өнеркәсібі технологиялық қондырғыларының динамикалық жабдығын жобалау және пайдалану;
  • қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды және резервуарларды жобалау;
  • жылуалмасу жабдығын жобалау;
  • сорғы жабдығына арналған техникалық талаптарды есептеу, іріктеу және әзірлеу;
  • механика негіздері және механикалық жобалау қағидаларын практикалық қолдану;
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары, халықаралық кодекстер, стандарттар және механикалық жобалау саласындағы талаптар (API, ASME, TEMA және т.б.);
  • механикалық жабдық саласындағы заманауи технологиялар және халықаралық озық тәжірибелер.

Қажетті дағдылар:

  • техникалық есептерді дайындау;
  • уақытты тиімді басқару дағдылары;
  • жалпы және инженерлік мақсаттағы компьютерлік бағдарламаларды сенімді меңгеру.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қарағандыбас кен орны өндірістік объектілеріндегі механикалық, динамикалық және жинақтаушы жабдық саласында техникалық тұтастықты қамтамасыз ету және Техникалық уәкіл (Technical Authority) функцияларын орындау.
  • Механикалық, динамикалық және жинақтаушы жабдыққа байланысты техникалық мәселелерді талдау, тергеу және жою.
  • Өндірістік объектілердің механикалық, динамикалық және жинақтаушы жабдығын жаңғыртуға, өзгертуге және кеңейтуге арналған техникалық шешімдерді әзірлеу және сүйемелдеу.
  • Инженерлік зерттеулерді, жабдық өнімділігін есептеуді, егжей-тегжейлі жобалауды, жабдықты сатып алуға арналған сызбаларды, техникалық тапсырмаларды, спецификацияларды және сауалнама парақтарын әзірлеуді орындау.
  • Сыртқы жобалау ұйымдары орындайтын жобалық жұмыстарға техникалық сүйемелдеу және бақылауды жүзеге асырып, жұмыстардың сапасы мен орындалу мерзімдері бойынша талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
  • Жұмыстардың орындалу барысы туралы механикалық жабдық және құбырлар бойынша жетекші инженерге есептер ұсыну.
  • Тәуекелдерді бағалау, HAZOP зерттеулерін жүргізу және жобаланатын өндірістік объектілердегі қауіптіліктерді сәйкестендіруге қатысу.
  • Инженерлік құжаттаманың ішкі және пәнаралық техникалық сараптамасын орындау.
  • Жобалық шешімдердің техникалық тапсырма талаптарына, қолданыстағы нормативтік құжаттарға, халықаралық стандарттарға және корпоративтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
  • Жеткізушілердің конкурстық ұсыныстарына техникалық бағалау жүргізу, сондай-ақ механикалық және динамикалық жабдықты сатып алу кезінде техникалық мәселелерді қарауға және келісуге қатысу.
  • Сатып алынатын жабдықтың, машиналардың, механизмдердің және материалдардың белгіленген талаптарға техникалық сәйкестігін бақылау.
  • Сатып алынатын жабдыққа зауыттық қабылдау сынақтарын (Factory Acceptance Test, FAT) жүргізуді басқару.
  • Жаңа немесе жаңғыртылған жабдықты құрылыс, монтаж, іске қосу-реттеу жұмыстары және пайдалануға енгізу кезінде инженерлік қолдау көрсету.
  • Рұқсат беру құжаттамасын ресімдеуге, жабдықтың техникалық паспорттарын дайындауға және KPO корпоративтік механикалық стандарттарын өзектендіруге қатысу.
  • Корпоративтік Technical Authority Framework жүйесіне сәйкес Техникалық уәкіл (Technical Authority) функцияларын қамтамасыз ету.
  • Өз құзыреті шегінде тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындау.

Қосымша ақпарат:

  • Ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес (B1).
  • 28/28 вахта, Аксай қ., БҚО

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)