Еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі менеджер (HSE Manager) — КПО Б.В. компаниясына іссапарға/бекітіліп жіберу

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
332

   Конкурс туралы

Білім және жұмыс тәжірибесі:

  • Сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Қажетті білімдер:

  • мұнай-газ саласында қолданылатын жабдықтар, материалдар және технологиялық процестер, оның ішінде оларды жобалау, дайындау, монтаждау, пайдалану және инспекциялық бақылау;
  • компанияның корпоративтік техникалық талаптары, спецификациялары, саясаты, рәсімдері және стандарттары;
  • мұнай-газ саласында қолданылатын халықаралық кодекстер мен стандарттар (ASME, API, ASTM, NACE, ISO және т.б.);
  • Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттары және салалық стандарттар (ҚНжЕ, ГОСТ және т.б.);
  • сапа менеджменті жүйелері саласындағы ISO 9000 сериялы стандарттар;
  • келісімшарттық қызметті ұйымдастыру қағидаттары және тапсырыс берушілермен және мердігер ұйымдармен өзара іс-қимыл;
  • Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнамалық талаптары.

Қажетті дағдылар:

  • процестерді бағалауға, тәуекелдерді, сәйкессіздіктерді анықтауға және оларды жою бойынша іс-шараларды әзірлеуге арналған аналитикалық дағдылар;
  • ұйымның барлық деңгейлерінде тиімді ауызша және жазбаша іскерлік қарым-қатынас дағдылары;
  • Microsoft Office бағдарламаларын сенімді меңгеру;
  • персоналды оқыту, тәлімгерлік (наставничество) және дамыту дағдылары.

Лауазымдық міндеттер:

  • PED жобалары шеңберінде еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау (HSE) мәселелері бойынша қызметті басқаруды және әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.
  • жобалардың тәуекелдер тізілімін әзірлеуді, өзектендіруді және орындалуын бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ Synergi жүйесінде анықталған сәйкессіздіктерді жою және түзетуші іс-қимылдар бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
  • HSE бөлімшесінің құрылымын талдауды ұйымдастыру, қажетті ресурстарды жоспарлау және персонал қызметінің тиімділігін бақылау.
  • корпоративтік басшылықтар, саясаттар, рәсімдер, процестер және оларды енгізу бағдарламаларын қоса алғанда, HSE басқару жүйесін әзірлеуге, енгізуге және жетілдіруге басшылық ету.
  • HSE көрсеткіштері бойынша статистикалық есептілікті дайындауды, талдауды және мониторингтеуді ұйымдастыру.
  • HSE бойынша төрт жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету.
  • мердігер ұйымдардың HSE саласындағы жоспарларын, аудит нәтижелерін, тиімділік көрсеткіштері мен құзыреттілігін қарауды және бағалауды ұйымдастыру.
  • HSE бойынша негізгі көрсеткіштерге мониторинг және есеп беру бағдарламаларының орындалуын бақылау.
  • ішкі аудиттерді, екінші деңгейдегі тексерулерді жүргізуге және бөлімшелер мен мердігер ұйымдардың HSE жоспарларын талдауға басшылық ету.
  • ішкі инспекцияларды, аудиттерді жүргізуді, HSE қызметінің тиімділігін бағалауды, сондай-ақ персоналды оқыту және құзыреттілігін бағалау бағдарламаларын әзірлеуді және іске асыруды ұйымдастыру.
  • мердігер ұйымдардың басқару жүйесін бақылауды қамтамасыз ету, оның ішінде қадағалау, оқыту, құзыреттілікті бағалау және HSE талаптарының сақталуы мәселелері.
  • мемлекеттік қадағалау органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіру, тексерулерді сүйемелдеуді ұйымдастыру және реттеуші органдардың талаптарын орындауды қамтамасыз ету.
  • жобаларды белгіленген мерзімдерде іске асыру үшін қажетті рұқсаттарды, лицензияларды және келісімдерді уақытылы алуын қамтамасыз ету.
  • қоршаған ортаны қорғау және қызметкерлердің денсаулығын қорғау саласында экологиялық мониторинг, өндірістік бақылау және аудит бағдарламаларын әзірлеуді, енгізуді және орындалуын бақылауды ұйымдастыру.
  • өз құзыреті шегінде тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындау.

Қосымша ақпарат:

  • Ағылшын тілін кемінде Upper-Intermediate деңгейінде (B2) меңгеру.
  • 28/28 вахта, Аксай қ., БҚО

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)