Техникалық қызмет көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жөніндегі учаске бастығы (Maintenance Interface Superintendent) — КПО Б.В.-ға іссапарға жіберу (Прикомандирование дегенді “іссапарға жіберу” деп аударуға бола ма?) «ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс

Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
200

   Конкурс туралы

Білім және жұмыс тәжірибесі:

  • Тиісті немесе сабақтас мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Мамандық бойынша кемінде 3 жыл жетекші лауазымдарда жұмыс өтілі немесе маман лауазымдарындағы мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білімдер:

  • күрделі пайдалану шарттары бар кен орындарында көмірсутек шикізатын өндіру және дайындау, соның ішінде күкіртсутек мөлшері жоғары кен орындары;
  • өндірістік объектілердің пайдалану дайындығын (Operations Readiness and Assurance) қамтамасыз ету қағидаттары және өндірістік қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар;
  • еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы компанияның корпоративтік саясаты, сондай-ақ қауіпсіздікті басқару жүйесінің талаптары;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық кодекстер, нормалар мен стандарттар;
  • техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру қағидаттары, жабдықтың сенімділігін қамтамасыз ету және өндірістік объектілердің тұтастығын басқару.

Қажетті дағдылар:

  • ірі халықаралық және (немесе) қашықтан орындалатын жобаларды іске асыруға қатысудың табысты тәжірибесі;
  • еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына жеке берілгендік;
  • техникалық есептілікті дайындау дағдылары;
  • күрделі өндірістік міндеттерді тиімді шешу қабілеті және кешенді бірлескен кәсіпорын мен Қазақстан Республикасындағы қызметтің ерекшелігін түсіну;
  • дамыған аналитикалық қабілеттер, командалық жұмыс дағдылары және тиімді коммуникация;
  • уақытты тиімді басқару дағдылары.

Лауазымдық міндеттер:

  • Техникалық қызмет көрсетуге қатысты мәселелер бойынша инженердің қызметін және техникалық қызмет көрсетуге байланысты жобалық құжаттаманы қарау кезінде мердігер ұйымдармен өзара іс-қимылды басқару, оның ішінде пайдалану және жөндеу тұжырымдамалары, басқару жүйелері, жабдықты іске қосу және тоқтату рәсімдері, сондай-ақ еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптар; олардың корпоративтік стандарттарға және саладағы үздік тәжірибелерге сәйкестігін қамтамасыз ету.
  • ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде компанияның техникалық қызмет көрсету саласындағы талаптарының есебін қамтамасыз ету.
  • Техникалық қызмет көрсетуді компьютерлендірілген басқару жүйесін (CMMS) әзірлеу және сүйемелдеу бойынша жұмыстардың орындалуын басқару, олардың техникалық қызмет көрсету бөлімшелерімен өзара іс-қимылда корпоративтік рәсімдер мен стандарттарға сәйкес орындалуын қамтамасыз ету.
  • Техникалық қызмет көрсетуді инженерлік қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың орындалуын басқару, оның ішінде жабдық сенімділігін талдау (RCM), сенімділік, дайындық және жөндеуге жарамдылық талдауы (RAM), сыни маңызды қауіпсіздік элементтерін (SCE) айқындау және жарылысқа қорғалған жабдықтар тізілімін (Ex Register) жүргізу; нәтижелердің тиісті жоба және техникалық қызмет көрсету бөлімшелеріне берілуін қамтамасыз ету.
  • Іске қосу-реттеу жұмыстары және объектілерді пайдалануға енгізу кезеңдерінде орындалатын іс-шаралар барысында іске қосу-реттеу жұмыстары тобына және объектілерді пайдалануға енгізуге біріктірілген топқа жәрдемдесу, жабдықтың әрі қарай жөндеуге жарамдылығын қамтамасыз ету үшін қажет тексерулерге ерекше назар аудару.
  • Жаңа өндірістік объектілерге қызмет көрсету үшін техникалық қызмет көрсетуге жасалуға немесе өзгертілуге тиіс шарттарды айқындау кезінде техникалық қызмет көрсету бөлімшелеріне және бизнес-сервистерге қолдау көрсету.
  • Қажет болған жағдайда пайдалану дайындығын қамтамасыз ету бойынша жиналыстарға, техникалық сараптамаларға, жұмыс топтарына, семинарларға және іс-шараларға қатысу.
  • Жобалық шешімдер бойынша техникалық тұтастықты қамтамасыз ету талаптарының орындалуын, компанияның пайдалану стандарттарына сәйкестігін және жобаның сапасын растауды қамтамасыз ету.
  • Өндірістік объектілердің тұтастығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың орындалуын басқару, оның ішінде тәуекелді бағалау негізіндегі инспекциялар (Risk Based Inspection), базалық инспекциялар, техникалық куәландыру бағдарламаларын әзірлеу және жабдықтың техникалық деректерін жүргізу; нәтижелердің тиісті жоба және техникалық қызмет көрсету бөлімшелеріне берілуін қамтамасыз ету.
  • Техникалық қызмет көрсету бөлімшесінің ұңғымалық алаң объектілерін модификациялау бастамаларын (FFM) және жалпы жобалық бастамаларды (GPO) іске асыруға қатысуын қамтамасыз ету.
  • Корпоративтік жобаларды басқару жүйесіне және өндірістік қызметті басқару жүйесіне сәйкес пайдалану дайындығын қамтамасыз ету рәсімдерін қайта қарау және өзектендіру.
  • Алдыңғы жобаларды іске асыру барысында алынған тәжірибені қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы жобалардың нәтижелері бойынша алынған сабақтарды жинауды және енгізуді ұйымдастыру.
Қосымша ақпарат:
  • Ауысым 28/28, Аксай қ., БҚО

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)