Пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл учаскесінің бастығы (Operations Interface Superintendent) — 2027 жылға КПО Б.В.-ға іссапарға/бекітіліп жіберу (нақтылау қажет: «Прикомандирование» қалай рәсімделеді — іссапар ма, әлд

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
167

   Конкурс туралы

Білім және жұмыс тәжірибесі:

  • Тиісті немесе сабақтас мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
  • Мамандық бойынша кемінде 3 жыл жетекші лауазымдарда жұмыс өтілі немесе маман лауазымдарындағы мамандық бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі.

Қажетті білімдер:

  • күрделі пайдалану жағдайлары бар кен орындарында көмірсутек шикізатын өндіру және дайындау, оның ішінде құрамында күкіртсутек мөлшері жоғары кен орындары;
  • объектілердің пайдалану дайындығын қамтамасыз ету қағидаттары (Operations Readiness and Assurance) және өндірістік қызмет тиімділігіне әсер ететін факторлар;
  • еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы компанияның корпоративтік саясаты, сондай-ақ қауіпсіздікті басқару жүйесінің талаптары;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық кодекстер, нормалар мен стандарттар.

Қажетті дағдылар:

  • ірі халықаралық және (немесе) қашықтан орындалатын жобаларды іске асыруға қатысудағы табысты тәжірибе;
  • еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау қағидаттарына жеке берілгендік;
  • техникалық есептілікті дайындау дағдылары;
  • кешенді бірлескен кәсіпорын және Қазақстан Республикасының жағдайларындағы қызметтің ерекшелігін түсіне отырып, күрделі өндірістік міндеттерді тиімді шешу қабілеті;
  • дамыған аналитикалық қабілеттер, командалық жұмыс және тиімді коммуникация дағдылары;
  • уақытты тиімді басқару дағдылары.

Лауазымдық міндеттер:

  • Объектілердің пайдалану дайындығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша (Operations Readiness and Assurance) жобалық топ пен компанияның пайдалану бөлімшелері арасында техникалық үйлестіруші функцияларын орындау.
  • Пайдалану және мердігерлік ұйымдар мәселелері бойынша өзара іс-қимыл инженері қызметін басқару, жобалық шешімдердің пайдалану жарамдылығы талаптарына сәйкестігін және «Пайдалануға дайындық» күйіне қол жеткізуді (Ready to Operate) қамтамасыз ету.
  • Пайдалану дайындығын қамтамасыз етуге байланысты корпоративтік іс-шараларды орындау кезінде Operations Readiness and Assurance бағытының басшысына жәрдем көрсету.
  • Жобалық құжаттаманы пайдалану мәселелері бойынша қарауды басқару, оның ішінде жобалық концепциялар, оны KPO корпоративтік стандарттарына және халықаралық үздік тәжірибелерге сәйкестендіруді қамтамасыз ету.
  • Ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде KPO пайдалану талаптарының есебін қамтамасыз ету.
  • Технологиялық процестерді пайдалану бойынша басшылық құжаттарды әзірлеуді басқару (Process Operating Guidelines, POGs) және олардың тиісті пайдалану бөлімшелерімен келісуін қамтамасыз ету.
  • Міндетті оқытуды ұйымдастыруды, жоспарлауды және өткізуді қамтамасыз ету, оның ішінде жабдық жеткізушілері жүргізетін оқытуды заңнамалық және техникалық талаптарға сәйкес жүзеге асыру.
  • Жөндеу-іске қосу (пусконаладочные) жұмыстарын және объектілерді пайдалануға енгізуді жүзеге асыратын біріккен топқа жәрдем көрсету, жабдықтың пайдалану жарамдылығын растауға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету.
  • Техникалық сараптама жүргізу және келісу үшін жобалық құжаттаманың уақтылы компанияның пайдалану бөлімшелеріне ұсынылуын қамтамасыз ету.
  • Объектіні пайдалануға беру жоспарының талаптарына (Project to Asset Transfer) сәйкес стратегиялық жобалар шеңберінде бақылау кезеңдеріне AC01 және AC02 қол жеткізуді мониторингтеу үшін дайындықты бақылау матрицасын (Readiness Review Matrix) жүргізуді ұйымдастыру.
  • Пайдалану дайындығын қамтамасыз ету бойынша жиналыстарға, техникалық сараптамаларға, жұмыс топтарына, семинарларға және іс-шараларға қатысу.
  • Пайдалану объектілерін модификациялау жобалары (FFM) және жалпы жобалық бастамалар (GPD) іске асырылған кезде пайдалану талаптары мен ұсыныстардың ұсынылуын қамтамасыз ету.
  • Жабдықты іске қосу, пайдалану және тоқтату бойынша нұсқаулықтарды, пайдалану сынақтарын жүргізу рәсімдерін дайындауды басқару, сондай-ақ өндірістік бөлімше өкілдері үшін объектілерді пайдалануға енгізу бойынша жаттығу іс-шараларын ұйымдастыру (Start-Up on Paper Exercise).
  • Корпоративтік жобаларды басқару жүйесіне және өндірістік қызметті басқару жүйесіне сәйкес пайдалану дайындығын қамтамасыз ету рәсімдерін қайта қарауды және өзектендіруді қамтамасыз ету.
  • Алдыңғы жобаларды іске асыру барысында алынған тәжірибені қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ ағымдағы жобалардың нәтижелері бойынша алынған сабақтарды жинауды және енгізуді ұйымдастыру.
Қосымша ақпарат:
  • Ақсай қ., БҚО, 28/28 вахта

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)