КИПиА техникалық қызмет көрсету учаскесінің бастығы (Instrument Superintendent) — КПО Б.В. құрамына іссапарға жіберу, 2027 жыл
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Білім және жұмыс тәжірибесі:
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) тиісті мамандық бойынша білім және мамандығы бойынша жетекші лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе мамандық бойынша маман лауазымдарында жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Қажетті білім:
- өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ әдістемелік құжаттар;
- компанияның бейіні, мамандануы, ұйымдық және технологиялық құрылымы, оның даму перспективалары;
- өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді жоспарлау әдістері мен тәртібі;
- мұнай-газ саласындағы және компаниядағы өндірістік процестерді метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- өндірістік қуаттар, техникалық сипаттамалар, конструкциялық ерекшеліктер, жабдықтың жұмыс істеу қағидаттары және пайдалану ережелері;
- өндіріс технологиялық процестері;
- техникалық құжаттаманы әзірлеу және ресімдеу бойынша нормативтік құжаттар, басшылықтар және талаптар;
- өлшеу-бақылау аспаптары мен автоматика құралдарының (ӨБАҚ) конструкциясы, қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету қағидаттары;
- өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету саласындағы отандық және халықаралық озық тәжірибе;
- өндірістік процестерді автоматтандыру және механикаландыру саласындағы нормативтік құжаттар мен талаптар;
- автоматтандыру және механикаландыру құралдарының жұмыс істеу қағидаттары;
- есептеу техникасы және байланыс құралдары;
- өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері;
- еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау талаптары, өнеркәсіптік және өндірістік қауіпсіздік.
Қажетті дағдылар:
- ӨБАҚ жүйелерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
- инженерлік персоналды және мердігер ұйымдарды басқару;
- өндірістік процестерді автоматтандыру жобаларын әзірлеу және енгізу;
- өлшеу құралдарын метрологиялық қамтамасыз ету және калибрлеуді ұйымдастыру;
- өндірісті автоматтандыру және механикаландыру тиімділігін талдау;
- техникалық құжаттаманы дайындау және нормативтік құжаттамамен жұмыс істеу;
- компьютерлік техника мен заманауи автоматтандыру құралдарын сенімді меңгеру.
Лауазымдық міндеттер:
- ӨБАҚ бөлімшесі инженерлерінің қызметін басқару, өндірістік міндеттердің орындалу басымдығын айқындау.
- жаңа өлшеу құралдарын, бақылауды, автоматтандыруды және сынақтарды енгізу бойынша жобалар мен өндірістік жоспарларды әзірлеуді үйлестіру.
- өлшеу құралдарын калибрлеудің жергілікті иерархиясын әзірлеуді қамтамасыз ету, тексерудің (поверка) кезеңділігін айқындау және аспаптарды тексеру кестелерін жасау.
- метрологиялық сараптаманы жүргізуді және техникалық құжаттаманы дайындауды үйлестіру.
- компанияның ӨБАҚ және автоматтандыру құралдарына қажеттілігін анықтау мақсатында өндірістік процестерді зерттеуге қатысу.
- заманауи өлшеу әдістерін және автоматтандыру құралдарын енгізуді, сондай-ақ өлшеу дәлдігін бағалауды қамтамасыз ету.
- заңнама, нормативтік құжаттар және өндірістің технологиялық режимдері талаптарына сәйкес өндірістік объектілерді қажетті ӨБАҚ құралдарымен жарақтандыруды қамтамасыз ету.
- қажетті өлшеу құралдарының резервтік қорын қамтамасыз ету, оларды сынақтан өткізу, сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру.
- автоматтандыру және механикаландыруға жататын операцияларды айқындау мақсатында өндірістік процестерді талдауды ұйымдастыру.
- техникалық құжаттаманың уақтылы дайындалуын және күрделі автоматтандыру құралдарын дайындау мен жеткізуге мамандандырылған ұйымдармен шарттардың жасалуын бақылау.
- жұмыстарды орындау кестелерін әзірлеу және келісуді үйлестіру, мердігер ұйымдарды қажетті техникалық ақпарат пен материалдармен қамтамасыз ету, орындалатын жұмыстардың сапасын бақылау.
- автоматтандыру және механикаландыру құралдарын енгізудің экономикалық тиімділігін есептеуді, сондай-ақ қажетті жабдықты сатып алуға өтінімдерді дайындауды ұйымдастыру.
- автоматтандыру және механикаландыру жүйелерін монтаждау, сынақтан өткізу, іске қосу-реттеу жұмыстары және пайдалануға енгізуді үйлестіру, олардың сенімді жұмысын бақылауды қамтамасыз ету.
- ӨБАҚ құралдарының үздіксіз және сенімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, пайдалану талаптарының сақталуын, уақтылы техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді бақылау.
- қолданыстағы жабдықты жаңғырту бойынша техникалық құжаттаманы қарастыруға қатысу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар
Механикалық жабдықтар мен құбырөткізгіштер бойынша жетекші инженер (Lead Mechanical and Piping Engineer) — ҚПО Б.В.-ға іссапарға жіберу
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 491
Ұңғымаларды (Well Services) техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жоспарлау учаскесінің бастығы — КПО Б.В. мекемесіне іссапар (2027 жыл)
«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
24.07.2026 | 169