Жылу автоматикасы және өлшеу цехының 1-санатты технигі
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
-
· Әзірленген бағдарламаларды, нұсқаулықтарды және басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстарды орындайды;
· Жұмыс уақыты есебінің табелін ЦТАИ ЗТК жүргізеді;
· Жоспарлы және есептік құжаттаманы ресімдеу бойынша жұмыстарды орындайды (материалдарды есептен шығару актілерін дефектілік актілерді қоса отырып ресімдеу), орындалатын жұмысты қарау және талқылау кезінде қабылданған шешімдерге сәйкес техникалық құжаттамаға қажетті өзгерістер мен түзетулер енгізеді, 1-С SAP Кәсіпорнының бюджет бойынша өтініміне қатысты жұмыстар мен өзгерістерді құрастырады және қадағалайды.
· КСМ талаптарына сәйкес ЦТАИ журналдарын ресімдейді және жүргізеді.
· Өлшеу құралдарының бастапқы үлгілерін мемлекеттік тексеруге уақтылы ұсынуды жүзеге асырады, тексерілген өлшеу құралдарын алу мен жеткізуді ұйымдастырады, тексеру нәтижелерін ресімдейді және тиісті техникалық құжаттаманы құрастырады;
· Кәсіпорын бөлімшелерінің өлшеу құралдарына қажеттілігін есептейді, 06.05 бап бойынша материалдарға қажеттілік есебін жүргізеді, оларды сатып алуға арналған өтінімдерді құрастыруға қатысады.
· Өлшеу құралдарының жедел есебін жүргізеді, олардың қозғалысын қадағалайды, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді орындау жоспарлары туралы есептерді дайындауға қажетті деректерді жүйелейді және өңдейді;
· Орындап жатқан жұмыс бойынша келіп түсетін құжаттаманы және корреспонденцияны қабылдайды және тіркейді, оның сақталуын қамтамасыз етеді, құжаттардың өту есебін және олардың орындалу мерзімдерін бақылауды жүргізеді, сондай-ақ іс жүргізу аяқталған құжаттарды техникалық ресімдеуді жүзеге асырады;
· Баланстан тыс ведомостваны, арнайы киімді, ЖҚҚ (Жеке қорғану құралдарын), сүтті, сабынды есепке алады.
· Өткізілген аудиттердің қорытындылары бойынша түзетуші шаралардың орындалуын бақылауға көмектеседі, ай сайын есепті Б және ЕТ қызметіне ұсынады.
· «Самұруқ-Энерго» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, ішкі құжаттары, ISO 37001 стандарттары және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтайды, оларды сақтаудың мүмкін еместігі туралы тікелей басшыға хабарлайды;
· Нөлдік төзімділік қағидаты бойынша жасалған немесе жоспарланған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болған жағдайда Қоғам басшылығына, «Комплаенс» қызметіне дереу хабарлайды немесе сенім телефонына жүгінеді, мүдделер қақтығысына жол бермейді;
· Кәсіпорын аумағында қолданылатын «Алтын ережелер» талаптарын сақтайды.
Талаптар:
- Орта техникалық немесе орта кәсіптік білім және ЦТАИ-де кемінде 2 жыл жұмыс өтілі
Шарттар:
- 5 күндік жұмыс аптасы
- Төле би мекенжайы, 308
Қажетті қабілеттер
- - Ответственно и внимательно выполняю поставленную перед собой задач
Ұқсас вакансиялар