Маман (теңіз операцияларын қолдау флоты бойынша) — Кеме флотын коммерциялық пайдалану қызметі

«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
1157

   Конкурс туралы
Білім:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі)

Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі:
Кәсіби салада немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде 3 жыл болғаны жөн.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім мен дағдылар:
1. ҚР теңіз көлік саласын дамытудың басым бағытын айқындайтын республикалық, өңірлік және жергілікті мемлекеттік билік пен басқару органдарының актілері мен қаулылары;
2. Теңіз арқылы жүктерді тасымалдауды реттейтін халықаралық көлік конвенциялары. Әлемдік фрахт нарығының жаңалықтары және оның брокерлік қызмет көрсетуі;
3. Кемені рейске коммерциялық дайындаудың аспектілері, портта бақылаудың әртүрлі түрлерін жүзеге асыру, порттық рәсімдерді орындау, жүк құжаттарын және наразылық-хаттарды тиісінше ресімдеу, теңіз арқылы жүк тасымалының сапасын қамтамасыз ету, тасымалдаушының тәуекелдері мен жауапкершілігін сақтандыру;
4. Сауда теңіз кеме қатынасы туралы заң;
5. «Самұрық-Қазына» МҚҰ «ФНБ» АҚ-ның нормативтік құжаттарының және КМТФ-тің ішкі құжаттарының талаптары, сатып алу рәсімдерін регламенттейтін;
6. Мемлекеттік тіл;
7. Ағылшын тілі.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:
1. Тасымалдау кезінде жүктердің сақталуын сапасы мен саны бойынша қамтамасыз етуге қатысты жұмысты ұйымдастыру, ведомстволық тергеп-тексерулер жүргізу және жүк тасымалының сапасын арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
2. Қызметтік құжаттарды сақтаудың белгіленген тәртібін сақтау;
3. Каспий теңізінің тартылған айлақтары арқылы мұнай/мұнай өнімдерін, контейнерлер мен құрғақ жүктерді қайта тиеу есебін жүргізу;
4. Ақтау, Махачкала, Нека, Баку, Түрікменстан порттарындағы агенттік компаниялармен жұмыс істеу;
5. Жылдық сатып алу жоспарының жобасын және СКЭФ бюджеті қалыптастыру, оны түзету және мониторинг жүргізу;
6. СКЭФ іс жүргізуді жүргізу, сондай-ақ құжаттарды мұрағатқа тапсыру үшін қалыптастыру. 
7. «Самұрық-Қазына» МҚҰ «ФНБ» АҚ-ның нормативтік құжаттарының және сатып алу рәсімдерін регламенттейтін КМТФ ішкі құжаттарының талаптарын, сондай-ақ сатып алу рәсімдерін жүргізуге жауапты КМТФ құрылымдық бөлімшесінің талаптары мен түсіндірмелерін сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман