Еңбекке ақы төлеу және еңбек нормалауы жөніндегі жетекші менеджер (HR қызметі)

"ШалкияЦинк ЛТД" АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
674

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1.   Әкімшілік берілетін баптар бойынша Еңбек ақы қоры (ЕАҚ) мен бюджет орындалуын жоспарлау және мониторингтеу

    1.1.  Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінен түскен өтінімдерге сәйкес алдағы жылға бюджет қалыптастырады;  

    1.2.  Бюджеттің орындалуына тоқсан сайын мониторинг жүргізеді және қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асырады;

    1.3.  Басқарма бюджетіне түзетулер енгізуді бастамашылық етеді;

    1.4.  Бюджеттердің қалыптастырылуын, даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және бөлімше құзыреті шеңберінде олар бойынша қорытындылар ұсынады.

    2.     Қызметкерлердің қызметін бағалау жүйесін әзірлеу, енгізу және дамыту

    2.1.  Қызмет тиімділігін басқару бағдарламасына, бизнес-стратегияға, ағымдағы бизнес-мақсаттарға сәйкес әкімшілік қызметкерлердің мақсаттарын жинауды, тексеруді және жеке даму жоспарларын жүргізуді жүзеге асырады, сондай-ақ олардың дұрыс толтырылуы бойынша консультациялар береді;

    2.2.  Әкімшілік қызметкерлердің жыл қорытындысы бойынша қызметін бағалау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;

    2.3.  Әкімшілік қызметкерлердің мақсаттарына түзетулер енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

    3.     Лауазымдарды грейдтеу, сыйақы жүйесін талдау және Қоғам қызметкерлерінің еңбегін нормалау

    3.1 Лауазымдар бойынша жұмысты ұйымдастырады және талдау жүргізеді, лауазымдарды сипаттайды және бағалайды, лауазымдар иерархиясын құрады, әрбір лауазымдар тобы үшін еңбекке ақы төлеу саясатын ескере отырып окладтық вилкаларды есептейді;

    3.2 Еңбек нарығындағы қызметкерлердің жалақы деңгейлерінің бәсекеге қабілеттілігін талдайды және басшылыққа есеп ұсынады;

    3.3 Еңбек өнімділігін арттыру және еңбекті нормалаудың сапасын жақсарту резервтерін анықтайды;

    3.4 Еңбек жағдайлары мен еңбекке ақы төлеуге өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді және Қоғам қызметкерлерінің лауазымдық окладтары схемасын өзектендіреді;

    3.5 Қызметкерлердің сыйақы мөлшерін есептеуді жүргізуді бақылайды және оны Қоғам басшылығымен келіседі.

    4.     Қоғамдағы кадрлық іс жүргізу

    ·     1С ЗУП жүйесінде кадр есебін талдайды және бақылайды;

    ·     1С ЗУП жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды;

    ·     1С ЗУП жүйесінде қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босату рәсімдерінің уақтылы жүргізілуін бақылайды және жүзеге асырады;

    ·     Ағымдағы жылға ауысым кестесін, демалыстар кестесін құрастырады және өзектендіреді;

    ·     Қызметкерлердің Қоғам актілерімен таныстырылуын бақылайды (бұйрықтар, өкімдер, саясат пен рәсімдер туралы ережелер және т.б.);

    ·     Қызметкерлермен байланысты барлық мәселелер бойынша Қоғам басшыларына/қызметкерлеріне консультация береді.

    5.     Қоғамның ұйымдық құрылымын басқару

    ·       Белгіленген тәртіппен бекітілген Қоғамның ұйымдық құрылымына сәйкес штат кестесін жасайды;

    ·       Қоғамның ұйымдық құрылымына әзірлейді және өзгерістер енгізеді.

    6.   Ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және өзектендіру

    6.1.  Қоғам қызметкерлерімен бірлесіп еңбек шарттарының жобаларын, Еңбек шартына қосымша келісімдерді, қызметтік жазбаларды, бланкілерді және т.б. өзектендіреді;

    6.2.  Еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау бөлігінде ВНД-ны өзектендіреді және келіседі;

    6.3.  Еңбекке ақы төлеу және еңбекті ынталандыру бөлігінде ВНД әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізеді.

    7.     Есептілікті қалыптастыру

    7.1.  Белгіленген есептер мен Жалғыз акционердің және мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша деректерді ұсынады;

    7.2.  Қызметкерлер мен Қоғамның еңбек ақы қоры бойынша байланысты уәкілетті органдар мен ұйымдарға, сондай-ақ Жалғыз акционерге есептілікті уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді;

    7.3.  Басқарушылық есептілікті қалыптастырады және Bi.tks.kz-ке есеп тапсырады;

    7.4.  АУП және ПП бойынша, кадр ауысымдылығы (текучесть) бойынша, нақты жұмыс істелген адам-сағаттар бойынша есеп жүргізеді және орташа тізімдік нақты санын ұсынады;

    7.5.  Мемлекеттік органдарға статистикалық есептіліктің тапсырылуын бақылайды;

    7.6.  Жергілікті қамту туралы есепті (Nadloc) мемлекеттік органдарға тапсыруды бақылайды;

    7.7.  Аутсорсингке берілген қызметкерлердің саны бөлігінде еңбекке ақы төлеудің дұрыс орындалуын бақылайды.

    8.     Еңбек тәртібі

    8.1.  Қоғамның тиісті құрылымдық бөлімшелері бойынша қызметкерлердің нақты болған уақытының табельдік есебін жүргізеді, олардың жұмысқа уақтылы келуін және жұмыстан кетуін, жұмыс орындарында болуын бақылауды жүзеге асырады;

    8.2.  Ақтаушы құжаттар болмаған жағдайларда кешігу және жұмысына шықпау фактілері бойынша қызметкерлерден түсіндірме хаттарды ұсынуды талап етеді;

    8.3.  Айдың соңында фактілі түрде жұмыс істелген уақыт, үстеме жұмыс сағаттары туралы мәліметтерді қамтитын учаскелер бойынша табельді ұсынады;

    8.4.  Алкогольдік немесе есірткілік масаю белгілері бар қызметкерлерді медициналық куәландыруға жібереді;

    8.5.  Еңбек тәртібінің бұзылу фактілері бойынша қызметтік және баяндау жазбаларын тіркейді және уақтылы қарайды;

    8.6.  Қызметкерлердің жұмыс кестесі мен еңбек тәртібін сақтауын тексеру мақсатында қашықтағы нүктелерге жоспарлы тексерістер жүргізеді;

    8.7.  Тәртіптік ескертпелер журналына толтырады;

    8.8.  Тәртіптік комиссия отырыстарын ұйымдастырады;

    8.9.  Тәртіптік комиссия отырысының нәтижелерін хаттамалайды және тәртіптік жаза қолдану және қызметкерлерді ынталандыру бойынша бұйрық жобаларын дайындайды;

    8.10.   Бөлімше басшыларының қызметтік жазбаларын талдайды және қайта өңдеуге (переработка) ақы төлеуге арналған құжаттарды келіседі.

    9.     Қоғам қызметкерлерін іссапарға жіберуді ұйымдастыру

    9.1.  Қызметкерлерге іссапарға жіберу мәселелері бойынша консультация береді;

    9.2.  Қол қойылған қызметтік жазбалар негізінде іссапарға жіберу туралы бұйрық шығарады;

    9.3.  Әуе билеттерін және қонақүйлердегі/отельдердегі нөмірлерді сатып алады және брондайды;

    9.4.  Қызметкерлердің іссапары туралы деректерді 1С ЗУП жүйесіне енгізеді.

    10.  Тәуекелдерді басқару және антикоррупциялық іс-қимылдарды қамтамасыз ету

    ·       Қызмет саласы шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендірудің уақтылы және толық орындалуын бақылайды;

    ·       Нақты немесе ықтимал, тәуекелдің күшеюін көрсететін теріс үрдістерді, тәуекелдің туындауы мүмкін жағдайларын анықтайды, тәуекел тудыратын факторларды талдайды және болжамды залалдың ауқымын бағалайды;

    ·       Тәуекелдің алдын алу және оған ден қою тәсілдерін іздейді;

    ·       Тәуекелдердің ықтималдығын және жағымсыз салдарын жоюға және төмендетуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын мониторингтейді, жоғары тұрған басшыны хабардар етеді;

    ·       Лауазымдық міндеттерді орындауға байланысты қолжетімді болған ақпаратты, соның ішінде делдалдар арқылы, қандай да бір пайда алу мақсатында пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз етеді;

    ·       Басшылыққа сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарының фактілері туралы хабарлайды;

    ·       Парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың көрініс табуына жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Экономика/құқықтану/социология/персоналды басқару/менеджмент саласында жоғары кәсіби білім
  • Жалпы жұмыс өтілі не кем 5 жыл ұқсас лауазымдарда
  • Марапаттау, лауазымдарды бағалау және талдау саласында сертификаттың болуы қалаулы

Шарттар:

  • ҚР ЕК сәйкес жұмысқа орналастыру
  • Үміткерлерді конкурстық іріктеу
  • Жұмыс кестесі 5/2
  • Жұмыс орны - Шалқия кеніші

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)