Сатып алу департаментінің менеджері

«QazaqGaz Processing » ЖШС Ақсай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
48

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері

  • Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес сатып алу жоспарын қалыптастыру және жүргізу.
  • Инженерлік, құрылыс және жобалау бөлімшелерімен бірлесіп жобаның қажеттіліктерін талдау.
  • Тендерлік құжаттаманы (RFQ, RFP, ITB) дайындау және сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру.
  • Жеткізушілерді алдын ала біліктіліктен өткізу процесін ұйымдастыру.
  • Коммерциялық және техникалық ұсыныстарды жинақтау, үйлестіру және бағалау.
  • Коммерциялық салыстырмалы талдау (Commercial Bid Evaluation) дайындау.
  • Әлеуетті жеткізушілермен және мердігерлермен келіссөздерге қатысу, сатып алу рәсімдерінің қорытындылары бойынша ұсыныстар әзірлеу.
  • Шарттарды келісуге қатысу және жеткізушілердің шарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
  • Сатып алу тапсырыстарының (Purchase Orders) орындалуын, жабдықтардың дайындалуы, жөнелтілуі және жеткізілу мерзімдерін бақылау.
  • Жүк жеткізу мәселелері бойынша логистикалық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау.
  • Критикалық маңызды жабдықтар мен материалдардың уақытылы жеткізілуін бақылау.
  • Жеткізілімдердің кешігуі, сәйкессіздігі немесе шағымдарға байланысты мәселелерді шешуге қатысу.
  • Инженерлік, қаржылық және заң қызметтерімен, сондай-ақ EPC/EPCM мердігерлерімен, жеткізушілермен және жабдық өндірушілерімен өзара іс-қимыл жасау.
  • Сатып алулардың орындалу мәртебесі бойынша тұрақты есептілікті дайындау, сатып алу бюджетінің орындалуын бақылау.
  • Компанияның ішкі рәсімдері, корпоративтік саясаттары және комплаенс талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Кандидатқа қойылатын талаптар

  • Экономика, логистика, жеткізу тізбегін басқару, инженерия немесе сабақтас мамандықтар бойынша жоғары білім.
  • Мұнай-газ, энергетика немесе өнеркәсіп салаларындағы сатып алу бағытында кемінде 3–5 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Газ өңдеу зауыттарын, мұнай өңдеу зауыттарын, мұнай-химия кешендерін, электр станцияларын немесе басқа да ірі өнеркәсіптік объектілерді салу жобаларындағы тәжірибе артықшылық болып табылады.
  • Тендерлік рәсімдерді ұйымдастыру және өткізу, шарттарды сүйемелдеу бойынша практикалық тәжірибе.
  • Сатып алу процесінің толық циклін (Procure-to-Pay) білу.
  • Технологиялық жабдықтарды, құбыр өнімдерін, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматикасын (КИПиА), электр техникалық жабдықтарды, құрылыс материалдары мен қызметтерін сатып алу тәжірибесі.
  • Incoterms халықаралық жеткізу шарттарын және EPC/EPCM келісімшарттарының ерекшеліктерін білу.
  • Коммерциялық талдау жүргізу, келіссөздер жүргізу және аналитикалық есептер дайындау дағдылары.
  • Microsoft Excel бағдарламасын және ERP жүйелерін (SAP, Oracle, 1С немесе ұқсас жүйелер) сенімді меңгеру.
  • Орыс тілін еркін меңгеруі; ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес деңгейде білуі (іскерлік хат алмасу және шарттық құжаттамамен жұмыс).

Жеке қасиеттері

  • Аналитикалық ойлау қабілеті.
  • Нәтижеге бағдарлану.
  • Жауапкершілік және ұқыптылық.
  • Дамыған коммуникациялық және келіссөз жүргізу дағдылары.
  • Көп міндетті ортада тиімді жұмыс істеу және белгіленген мерзімдерді сақтау қабілеті.
  • Стресске төзімділік.
  • Көпсалалы жобалық команда құрамында тиімді жұмыс істей білу.

Артықшылық болып табылады:

  • құны 100 млн АҚШ долларынан асатын мұнай-газ саласындағы ірі құрылыс жобаларына қатысу тәжірибесі;
  • халықаралық жабдық және материал жеткізушілерімен жұмыс тәжірибесі.