«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының жылжымалы құрам және механикаландыру департаментінің машиналары мен механизмдерін жөндеу және сервистік қызмет көрсету бойынша менеджері (15 грейд)
- Құрылған күні:
-
15.07.2026
- Берілген өтінім:
- 10
- Қаралған саны:
- 158
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жүк және жолаушылар вагондарын күрделі, деполық жөндеу (оның ішінде қызмет ету мерзімін ұзарта отырып), екінші көлемді (ТР-2) ағымдағы жөндеу, оларды іске асыруды жүзеге асыру бойынша перспективалық жылдық жоспарларды әзірлейді және қалыптастырады.;
- автотракторлық техникаға, Шағын механикаландыру құралдарына, дөңгелекті жұптарға, машиналар мен механизмдердің негізгі жұмыс органдарына, маневрлік жұмыстар бойынша техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша перспективалық жылдық жоспарларды әзірлейді және қалыптастырады, олардың орындалуын іске асыруды жүзеге асырады;
- жөндеу кәсіпорындарымен жұмыстар мен қызметтердің құнын пысықтайды;
- мамандандырылған жылжымалы құрам мен вагондардың мерзімдерін ұзартуға қатысты мәселелерді шешуге қатысады;
- бизнес-жоспарларды (инвестициялық бюджетті) әзірлейді және келіседі, талаптарға сәйкес оларға негіздемелік материалдарды, КРЕМ, компания мен дирекцияның жергілікті актілерін жинайды;
- арнайы жылжымалы құрам мен вагондарды жөндеуге қатысты техникалық мәселелер бойынша нормативтік құжаттардың, компанияның, дирекцияның жергілікті актілерінің жобаларын әзірлеуге және қайта өңдеуге қатысады, оларға өзгерістер немесе толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындайды;
- арнайы жылжымалы құрам мен вагондарды жөндеудің барлық қажетті орындалатын түрлерінің уақтылы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
- Компанияның құрылымдық бөлімшелерімен жұмыстар мен қызметтерге техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және келіседі;
- жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға өткізілген тендерлердің қорытындылары бойынша комиссияның сараптамалық қорытындысын дайындайды, қалыптастырады;
- ақпаратты дайындайды, ОКЖ бюджет комитетіне жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға сатып алу жоспарына өзгерістер енгізуге өтінімдер қалыптастырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы:Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы