«Қазпошта» АҚ «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы Тексеру және бақылау басқармасының бастығы.

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
262

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) УРК туралы ережеде белгіленген міндеттер мен функцияларға сәйкес УРК-ның тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
    2) Белгіленген тәртіпке және бекітілген жоспарға сәйкес Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде ішкі тексерулер жүргізуді жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және қамтамасыз ету;
    3) Тәуекелдер, құқықтық сүйемелдеу және HR мәселелері жөніндегі Басқарушы директор – Басқарма мүшесімен келісу бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде жоспарлы/жоспардан тыс тексерулер жүргізуді ұйымдастыру және бақылау;
    4) Қажетті тәжірибесі мен техникалық мүмкіндіктері бар УРК-ның білікті қызметкерлерінің жұмыстарды сапалы орындауын қамтамасыз ету;
    5) Бекітілген ішкі тексеру жоспарының орындалуы туралы есептердің (тоқсандық, жылдық) уақтылы және толық ұсынылуын қамтамасыз ету;
    6) Кассалық қызмет бойынша жоспарлы және кенеттен тексерулерді ұйымдастыру, сондай-ақ филиалдың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру барысында бухгалтерлік шоттар бойынша ақша қаражаты қозғалысына талдау жүргізу;
    7) ҚР заңнамасының, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын орындау, ықтимал шығындарды азайту немесе олардың алдын алу мақсатында УРК қызметіне қатысты Қоғамның құрылымдық бөлімшелері қызметінің барлық аспектілерін бақылауды жүзеге асыру;
    8) ҚР заңнамасының, ҚР нормативтік-құқықтық актілерінің, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарының талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу;
    9) Жүргізілген тексерулер нәтижелері негізінде Қоғам процестерін бағалау және операциялық тәуекелдер бойынша тәуекел-тәбет деңгейін есептеу үшін қолданылатын негізгі тәуекел көрсеткіштерін әзірлеуге қатысу;
    10) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру (ревизиялау) барысында анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің уақтылы және толық жойылуын, сондай-ақ келтірілген залалды (табыс жоғалуын) өтеуді бақылау;
    11) УРК-ның жылдық тексеру және жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу;
    12) Ішкі тексерулер нәтижелерін құжаттау;
    13) Жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы процестер иелерін проблемалық мәселелерді және процестерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды көрсете отырып ақпараттандыру;
    14) Процестер бойынша бақылау рәсімдерін жетілдіру жөніндегі берілген ұсынымдарды орындау үшін түзету және алдын алу іс-шаралары жоспарларын әзірлеуді бақылау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу;
    15) Бекітілген ішкі тексеру жоспарының орындалуы туралы есептерді (тоқсандық, жылдық) жасау;
    16) Басқарма шешімдері мен тапсырмаларын, Қоғамның атқарушы органының бұйрықтары мен өкімдерін, сондай-ақ Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша іс-шаралар жоспарларын іске асыруға қатысу;
    17) Анықталған иемдену және ұрлық фактілері бойынша шұғыл хабарламаларды уақтылы ұсыну;
    18) Жаңа нормативтік құжаттарды зерделеу;
    19) Іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу;
    20) Жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу;
    21) Түзету және алдын алу іс-шаралары жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелерін және тексеру нәтижелерін басқарушылық шешімдер қабылдау мақсатында жетекшілік ететін Басқарушы директорға, Басқарма төрағасына жеткізу;
    22) Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінде ішкі бақылау жүйесі процестерін ұйымдастыру, оның құрамдас бөліктерінің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету және ішкі бақылау жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша қызметті үйлестіру;
    23) Ақпаратты жинау және талдау процестерін ұйымдастыру және бақылау, ішкі бақылау объектісінің тәуекелдерін анықтау және бағалау;
    24) Ішкі бақылау объектісі әрекеттеріндегі ауытқуларды сипаттайтын ақпараттық базаның қалыптастырылуын бақылауды жүзеге асыру;
    25) Ішкі бақылау жүйесінің дизайнын және операциялық тиімділігін бағалауды ұйымдастыру және бақылау, сондай-ақ нәтижелері бойынша оларды жетілдіру жөнінде ұсынымдар беру;
    26) Ішкі бақылаудың негізгі бағыттары мен бақылау рәсімдерін жоспарлау;
    27) Ішкі бақылау жүргізу нәтижелері бойынша қорытынды құжаттардың қалыптастырылуын бақылау және оларды ішкі бақылаудың дербес арнайы бөлімшесі басшылығына ұсыну.

Талаптар:

  • Білім: экономика, қаржы, құқық, математика, техникалық ғылымдар және технологиялар бойынша жоғары білім.Ішкі бақылауды басқару саласындағы сертификаттың болуы құпталады.
  • Аудиторлық, пошта, қаржылық және/немесе банктік қызмет салаларында, сондай-ақ қызмет ерекшелігіне сәйкес келетін салаларда кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл немесе «Қазпошта» АҚ-да төменгі лауазымда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Білімі: бейін бойынша жоғары білім — экономика және/немесе қаржы, және/немесе заң, және/немесе математика, және/немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар саласында. Ішкі бақылауды басқару саласындағы сертификаттың болуы құпталады.

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері – сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін;