Алматы желілік-өндірістік басқармасының Көлік қызметінің диспетчері ( Қаскелең қ.)
«Интергаз Орталық Азия» АҚ «Алматы» магистральдық газ құбырлары басқармасы Қаскелең қ.- Құрылған күні:
-
16.07.2026
- Берілген өтінім:
- 3
- Қаралған саны:
- 5382
МІНДЕТТЕРІ:
Жүргізушілер мен машинистердің желідегі жұмысын ұйымдастырады және бақылайды:
- желiге шығудың талап етілетін уақыты туралы хабарлауды, автоколонна бастығы мен механигі айқындаған автокөліктерді бекіту тәртібіне сәйкес жұмыс тапсырмаларын беруді жүзеге асырады.
- жедел басқару;
- жол жүру парақтарын беруді, жинауды, тексеруді және өңдеуді жүзеге асырады;
- көрсетілген қызметтер үшін төлем шоттарын дайындау мақсатында тізілімдерді қалыптастырады;
-лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген басқа да қызметтер.
Автомобильдер мен арнайы техниканың желідегі қозғалыс кестесінің сақталуын бақылайды және жүргізушілердің жұмыс кестесін сақтау бойынша шаралар қабылдайды. Жүргізушілерді маршруттар бойынша тасымалдау шарттары мен ерекшеліктері, ауа райы жағдайлары, жолдардың жай-күйі, сондай-ақ жекелеген учаскелердегі қозғалыс ерекшеліктері туралы хабардар етеді. Автопарк жұмысының негізгі пайдалану көрсеткіштері бойынша топтық нормаларға сәйкес отын шығынына жүйелі түрде талдау жүргізеді және талдау нәтижелерін тиісті шаралар қабылдау үшін ПФ басшылығына ұсынады. Одометр (спидометр, мотосағат есептегіші) көрсеткіштерінің жазбаларын дұрыс жүргізуді, жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) алуды және олардың қалдықтарын бақылауды жүзеге асырады. Жол жүру парақтарын «1С: Автокөлік және арнайы техниканы басқару» есепке алу жүйесінде тиісті түрде рәсімдейді және өңдейді. Жүргізушілердің жол парақтарын уақтылы тапсыруын және дұрыс толтырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Жол парақтарын жабу кезінде спутниктік мониторинг жүйесімен маршруттардың сәйкестігін, жолсыз жер коэффициенттерінің қолданылуын, жүріп өткен қашықтықты және мотосағаттарды тексереді.
Автомобиль және арнайы техниканы көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы пайдалану кезеңдерінде жүргізушілер мен арнайы техника машинистеріне пайдалану бойынша нұсқама жүргізеді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша теориялық сабақтар өткізеді.
Басшылық пен диспетчерлік қызметке автомобиль көлігі мен арнайы техниканы (А және АТ) және арнайы жабдықтарды пайдалану кезіндегі бұзушылықтар, жүргізушілердің көлік тәртібін бұзуы, орын алған жол-көлік оқиғалары, төтенше жағдайлар, сондай-ақ көлік құралдарын заңсыз пайдалану жағдайлары және басқа да оқиғалар туралы ақпарат береді
АжәнеАТ және арнайы жабдықтардың жұмысы бойынша есептер, жедел мәліметтер және тиісті құжаттамаларды әзірлейді
Талаптары:
Білімі – Орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік)
Қажетті қабілеттер
- Удостоверение по профессии "Оператор газораспределительных станций"
Ұқсас вакансиялар