«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Ақтөбе» филиалының коммерциялық ревизоры

441 859 - 457 396
НОД-11 (Актобинское отделение ГП) Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
43

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Бекітілген учаскеде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалданатын жүктердің сақталуын және жүк тасымалынан түсетін кірістердің толық түсуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша тексерулерді (ревизияларды) жүргізу;
  • Тексерулер (ревизиялар) қорытындылары бойынша пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі, тасымалданатын жүктердің сақталуы және жүк тасымалынан кірістердің жоғалуын болдырмауға бағытталған хаттамалардың, бұйрықтардың және профилактикалық іс-шаралардың белгіленген мерзімдерде ұсынылуын бақылау;
  • Жүргізілген тексерулердің (ревизиялардың) нәтижелері бойынша талдау жүргізіп, Филиал мен Серіктестікке тиісті ұсыныстар енгізу;
  • Бекітілген учаскеде тиеу-түсіру жұмыстары кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің, вагондар мен контейнерлердің сақталуын, сондай-ақ жүк тасымалына байланысты төлемдердің, алымдардың және айыппұлдардың толық өндіріп алынуын, тасымалдау құжаттарының дұрыс рәсімделуін қамтамасыз ету;
  • Бекітілген учаскедегі станция басшыларының пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жеке қатысу нормативтерінің орындалуына тексерулер жүргізу;
  • Серіктестікке жүк жөнелтушілерден, жүк алушылардан және Серіктестік қызметкерлерінен келіп түскен өтініштер мен шағымдарды комиссия құрамында тергеп-тексеруге қатысу;
  • Бекітілген учаске станцияларында СМГС-тің 3-қосымшасының, ППГЖТ, ППОГ, ДЧ-1835 нұсқаулығының және басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарын бұза отырып жүктерді тасымалдауға қабылдау фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;
  • СМГС, ППГЖТ, ППОГ, ДЧ-1835 нұсқаулығы және басқа да қолданыстағы нормативтік құжаттар талаптарының бұзылуына байланысты МГСП, ПКО және ПКБ-да вагондардың кідіру жағдайлары бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;
  • Бекітілген учаскедегі станциялар мен аралықтарда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі мен тасымалданатын жүктердің сақталуы талаптарының бұзылу фактілері бойынша қызметтік тергеп-тексерулер жүргізіп, Филиал мен Департаментке тиісті ақпарат ұсыну.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Теміржол көлігіндегі көлік логистикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану, сондай-ақ жүкпен коммерциялық жұмыс саласында мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман