SOC қызметтерін сату қызметі, Жобалар менеджері

ТОО QazCloud Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
329

   Конкурс туралы
Міндеттері:
Тапсырыс берушілердің ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қажеттіліктерін анықтау және жобадан алдын ала тексеру (предпроектное обследование) жүргізу.
ОЦИБ (SOC) қызметтері бойынша техникалық спецификацияларды және коммерциялық ұсыныстарды дайындау және әзірлеу.
Техникалық бөлімшелермен және сарапшылармен бірлесіп шешімдердің архитектурасын пысықтау.
Техникалық тапсырмаларды, конкурс құжаттамасын және тапсырыс берушілердің талаптарын талдау.
Конкурстық өтінімдердің техникалық бөлігін, түсіндіру сұрауларына жауаптарды және ілеспе құжаттаманы дайындау.
Әлеуетті және қолданыстағы тапсырыс берушілер үшін қызметтердің презентацияларын, демонстрацияларын және техникалық консультацияларын өткізу.
Пресейл-процестің барлық кезеңдерінде тапсырыс берушілермен келіссөздерге қатысу.
Қызметтердің құнын есептеулерді, спецификацияларды және технико-коммерциялық негіздемелерді дайындау.
Шешім өндірушілерімен, технологиялық серіктестермен және компанияның ішкі бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.
Ұсыныстарды дайындау процесін үйлестіру, тапсырыс берушіге материалдардың уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету.
ОЦИБ-тің жаңа қызметтерін әзірлеуге, сервистер каталогын және типтік коммерциялық ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу.
Ақпараттық қауіпсіздік нарығын мониторингтеу, бәсекелес шешімдерді және жаңа технологияларды талдау.
Қызметтерді дамыту және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша ұсыныстар қалыптастыру.
Жобаларды іске асыруға беру кезеңінде сүйемелдеу, талаптардың техникалық командаға дұрыс берілуін қамтамасыз ету.
Пресейл-активтіліктер, жобалар фуоннкасы және пысықталып жатқан бастамалардың статусы бойынша есептілікті дайындау.
Компания қызметтерін ілгерілету мақсатында бейінді іс-шараларға, конференцияларға, көрмелерге және тапсырыс берушілермен кездесулерге қатысу.


Талаптар:
Ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттық технологиялар немесе сабақтас бағыттар бойынша жоғары білім.
ОЦИБ (SOC) құру және жұмыс істеу қағидаттарын, мониторинг процестерін, ИБ инциденттерін анықтау және оларға ден қою (реагирование) процестерін түсіну.
Ақпаратты қорғаудың негізгі құралдарын білу (SIEM, SOAR, EDR/XDR, NTA/NDR, WAF, IDS/IPS, PAM, DLP, Anti-DDoS, Vulnerability Management және т.б.).
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы заңнамалық талаптарын, сондай-ақ халықаралық стандарттарды білу (ISO/IEC 27001, NIST CSF, MITRE ATT&CK және т.б.).
Техникалық тапсырмаларды талдау, техникалық және коммерциялық ұсыныстарды дайындау, тендерлік рәсімдерге қатысу дағдылары.
Тапсырыс берушілер үшін кездесулер, презентациялар және техникалық консультациялар өткізу тәжірибесі.
Тапсырыс берушінің қажеттіліктерін анықтай білу, шешім архитектурасын қалыптастыру және қызметтердің оңтайлы құрамын таңдау.
Техникалық бөлімшелермен, шешім өндірушілерімен және серіктестермен өзара іс-қимыл дағдылары.
Технико-коммерциялық есептеулерді дайындау, қызмет құнын бағалау және спецификацияларды қалыптастыру тәжірибесі.
Іскерлік коммуникация, келіссөз жүргізу және ресми іскер хат алмасуды дайындау дағдыларының дамуы.
Ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу, дербес шешім қабылдау және бірнеше жобаны бір мезгілде тиімді ұйымдастыру.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде ауызша және жазбаша сауатты сөйлеу.

Ақпараттық қауіпсіздік, SOC немесе пресейл бағытында 2 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі.
- Қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды, Microsoft Office пакетін (Word, Excel, Vision, Power Point) осы лауазымда жұмыс істеуге қажетті көлемде білу;
-- goszakup.gov.kz, zakup.sk.kz, mitwork және басқа порталдардың сатып алу рәсімдерін білу.
- Bitrix CRM-мен жұмыс істеу

Шарттар:

Жұмыс кестесі 09:00 - 18:30

Жеткізу (тасымалдау)

Медициналық сақтандыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр