"QazaqGaz Aimaq " АҚ Түркістан өндірістік филиалы Төлеби газ шаруашылығының бақылаушысы (декреттік орын)

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Леңгір қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
56

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

Бос жұмыс орнына өтініш бермес бұрын, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз, дағдыларыңыз және басқа да мәліметтердің дұрыстығына үміткердің өзі жауап береді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес, тиісті хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы жөніндегі анықтаманы ұсынуыңыз қажет.

  3. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды үнемі қадағалап отыруыңызды сұраймыз.

Төменде жарияланған бос жұмыс орнының сипаттамасымен таныса аласыз.

Міндеттері:

  • Газ есептеуіш құралдарын тексеру және ауыстыру кезінде газ есептегіштері мен нөмірлік пломбаларға түгендеу жүргізу;

  • Халыққа және коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға қолданылатын тарифтердің айырмашылығына байланысты жеке тұлғалар санатында коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарды анықтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізу. Анықталған ақпаратты тіркеп, газ учаскесінің басшылығына ұсыну;

  • Бекітілген учаскедегі (сектордағы) жаңа газ тұтынушыларын бақылау және олар туралы қажетті ақпаратты газ учаскесінің басшылығына уақтылы жеткізу;

  • Бекітілген учаскедегі (сектордағы) газ есептеу құралдарының көрсеткіштерін уақытылы әрі дұрыс алу және тапсыру;

  • Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету. Белгіленген мерзімде тұтынушылардың 100%-ын аралап шығуды қамтамасыз ету;

  • Тұтынушылардың ақпараттық дерекқорында есепке алынбаған тұтынушыларды анықтау, газды заңсыз пайдаланудың себептері мен мерзімін белгілеу және келтірілген материалдық залалды өндіріп алу жөнінде шешім қабылдау үшін бұл туралы жазбаша түрде газ учаскесінің басшылығына дереу хабарлау;

  • Бекітілген учаскеде тауарлық газды ұрлау фактілеріне (заңсыз қосылу, рұқсатсыз жалғану) жол бермеу. Мұндай жағдайлар анықталған кезде анықталған бұзушылықтар туралы газ учаскесінің басшылығына жазбаша түрде дереу хабарлау;

  • Тұрмыстық тұтынушының тауарлық газды пайдалану кезінде жіберген бұзушылықтары бойынша актіні тұрмыстық тұтынушының немесе оның өкілінің қатысуымен екі данада рәсімдеу. Оның бір данасы тұтынушыға табысталады. Егер тұрмыстық тұтынушы қол қоюдан бас тартса, бұл туралы тиісті белгі қойылады. Мұндай жағдайда акт жеткізушінің немесе кондоминиум объектісін басқару органының кемінде үш адамнан тұратын комиссиясы рәсімдеген жағдайда жарамды болып есептеледі;

  • Бекітілген учаскедегі (сектордағы) тұтынушыларға өткізілген тауарлық газ үшін төлем шот-түбіртектерін 100% тарату;

  • Тұтынушылармен тұтынылған газ үшін төлемнің уақытылы төленуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу (шағымдар, хабарламалар мен ескертулер жіберу, төлем мерзімдері туралы ауызша хабарлау);

  • Берешегі бар тұтынушылармен жұмыс жүргізу, дебиторлық берешектің бар екендігі және оны өтеу қажеттілігі, сондай-ақ белгіленген мерзімде қарыз өтелмеген жағдайда газбен жабдықтаудан ажыратылатыны туралы хабарламалар жіберу. Тұтынушының салыстыру актісіне қол қоюын қамтамасыз етіп, кейіннен дұрыс рәсімделген материалдарды заң бөліміне тапсыру;

  • Тұтынушыларға тауарлық газды пайдалану қағидалары, тұтынылған газ үшін уақытылы төлем жасау қажеттілігі, қауіпсіздік шараларын сақтау және басқа да мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, сұрақтарына толыққанды жауап беру;

  • Табиғи газдан ажыратылған тұтынушыларды айына кемінде бір рет жүйелі түрде тексеріп, газға өз бетінше (рұқсатсыз) қайта қосылу фактілерін анықтау.

Талаптар:

  • Білімі: жоғары немесе орта арнаулы.

  • Жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташа)