3-разрядты технологиялық қондырғылар операторы

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
122

Қаралған саны:
991

   Конкурс туралы

Білімі (мамандығы / біліктілігі)

Жоғары техникалық, орта / орта техникалық / орта арнаулы білімі немесе 3 және одан жоғары разрядты технологиялық қондырғылар операторы курстарынан өткендігі туралы біліктілік куәлігі (куәлік).

Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

Кәсіби білімдері мен дағдылары

Талап етілмейді.

Сертификаттарының болуы

Талап етілмейді.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

Талап етілмейді.

Тілдерді білуі

Қазақ тілі, орыс тілі.

Компьютермен жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білуі

SCADA iFix.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:

1.      Мұнай мен газды жинау, дайындау және Орталық кәсіпшілік дайындау пунктіне (ОКДП), мұнайды дайындау қондырғысына (МДҚ), мұнайды жинау қондырғысына (МЖҚ) тасымалдау бойынша тапсырмаларды орындау.

2.      Кәсіпшілікте мұнай, газ және газ конденсатын өндірудің технологиялық процесін бақылау, параметрлерді жедел журналға тіркеу.

3.      Мұнай және газ өндіру операторларының жұмыстарын, ұңғымаларды іске қосу және тоқтату жөніндегі жұмыстарын үйлестіру.

4.      Жекелеген ұңғымалар бойынша ұңғыма өнімінің дебитін жедел өлшеу нәтижелері туралы ақпаратты есепке алу аспаптарының, автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғыларының (оның ішінде айдау қондырғыларының) көрсеткіштеріне сәйкес жинау, өңдеу және беру, параметрлерді жедел журналға тіркеу.

5.      Мұнайды дайындаудың барлық кезеңдерінде технологиялық процесті жүргізу, оның ішінде мұнайды тұзсыздандыру, сусыздандыру және қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне (ҚҚҰЖ) арналған ағынды суды дайындау процестерін жүзеге асыру, параметрлерді жедел журналға тіркеу.

6.      Мұнай дайындау қондырғыларының, ағынды суды дайындау қондырғыларының жұмысын бақылау және технологиялық регламент талаптарына сәйкес технологиялық процесті жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау.

7.      Қондырғылар мен механизмдерді іске қосу және ажырату.

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

Кәсіпшілік жабдықтарымен жұмыс істеу дағдыларының болуы;

Мұнай-газ сепараторларымен және мұнай-газ резервуарларымен жұмыс істеу, сондай-ақ олардың жұмыс істеу қағидаттарын білу дағдыларының болуы.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттері:

1)   Мұнайды дайындаудың барлық кезеңдерінде технологиялық процесті жүргізу, оның ішінде мұнайды тұзсыздандыру, сусыздандыру және қабат қысымын ұстап тұру жүйесіне (ҚҚҰЖ) арналған ағынды суды дайындау процестерін жүзеге асыру;

2)   Мұнайды дайындау кезеңдері бойынша технологиялық процестерді бақылау мақсатында мұнайдан сынамалар алу және химиялық талдаулар жүргізу;

3)   ҚҚҰЖ жүйесінде ағынды суды дайындаудың технологиялық процесін бақылау үшін тік резервуарлардан (РВС), ОПФ, ОВ-25 және сорғы агрегаттарының кіріс коллекторларынан ағынды су сынамаларын алу;

4)   Қондырғылар мен механизмдерді іске қосу және ажырату бойынша жұмыстарды жүргізу;

5)   Жабдықтарды жөндеуге дайындау және тапсыру (булау, аппараттардың ішкі тазалауын жүргізу және т.б.);

6)   Мұнай және газ дайындау цехының жабдықтары мен автоматика құралдарының жұмысындағы ақаулардың сипатын анықтау;

7)   Ауысымды қабылдау және тапсыру, бекітілген аумақты аралап тексеру, жабдықтарды қарау, олардың жай-күйін тексеру, мұнай мен газды жинау, дайындау, тасымалдау, мұнайды қабылдау және босату, сондай-ақ ҚҚҰЖ жүйесіне ағынды суды дайындау және айдау бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы вахталық журналдағы жазбалармен танысу;

8)   Ауысымды қабылдау кезінде анықталған барлық кемшіліктер туралы 4 және 5-разрядты технологиялық қондырғылар операторына, Цехтың мұнай және газ өндіру жөніндегі шеберіне баяндау;

9)   Бекітілген аумақты тиісті жағдайда ұстау;

10)  Жабдықтар мен құрал-саймандарды тиісті жағдайда ұстау;

11)  Мұнай және газ өндіру цехының қызметкерлерімен тұрақты байланысты қамтамасыз ету, технологиялық процестің барлық бұзушылықтары және оларды жою үшін қабылданған шаралар туралы 4 және 5-разрядты технологиялық қондырғылар операторларына, Цехтың мұнай және газ өндіру жөніндегі шеберіне уақтылы хабарлау;

12)  Жұмыстар басшысының өкіміне сәйкес авариялық жағдайдың туындау көзі жойылғанға дейінгі жұмыстарға қатысу;

13)  4 және 5-разрядты технологиялық қондырғылар операторының, Цехтың мұнай және газ өндіру жөніндегі шеберінің және Цех басшылығының нұсқауларын орындау;

14)  Осы лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген, бірақ Цех жұмысына тікелей қатысты өзге де тапсырмаларды орындау;

15)  Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік-санитариялық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау;

16)  Орын алған жазатайым оқиға, өрт немесе авария туралы еңбекті қорғау қызметіне және Цех басшылығына дереу хабарлау;

17)  Серіктестіктің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау.