Даму және бизнес-әкімшілендіру бөлімінің басшысы

Ақбастау БК АҚ Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
219

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Халықаралық ISO стандарттары бойынша Қоғамды сертификаттауға дайындау, әзірлеу және енгізу жұмыстарын басқару.Өз құзыреті шегінде Қоғамның интеграцияланған менеджмент жүйесінің (ИМЖ) нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету.Қоғамда ИМЖ-ні жетілдіру бойынша жоспарларды әзірлеу және енгізу.Қоғамның ИМЖ саласындағы Саясатының персоналға жеткізілуін және оның тиімді қолданылуын бақылау.ИМЖ Саясатын сыртқы мүдделі тараптарға жеткізуге жәрдемдесу (сайтта, баспа құралдарында жариялау және т.б.).ДП-109 «Менеджмент жүйелерінің ішкі аудиті» құжатына сәйкес жылына кемінде бір рет ИМЖ ішкі аудиттерін жоспарлау мен өткізуді бақылауды бас аудитор ретінде ұйымдастыру.ДП-109 «Менеджмент жүйелерінің ішкі аудиті» құжатының 7-тарауы, 7.2-тармағына сәйкес ішкі аудит бағдарламаларын әзірлеу, келісу және Қоғам басшылығының бекітуіне ұсыну, сондай-ақ аудит басталғанға дейін тексерілетін бөлімшелерге жеткізу.Тиісті құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен бірлесіп ИМЖ ішкі аудиторларын оқыту және даярлау қажеттілігін айқындау.Ішкі аудиттерді жүргізу барысында туындайтын жанжалдық жағдайлар мен өзге де мәселелердің алдын алу және оларды жою бойынша шаралар қабылдау.Ішкі аудиттердің нәтижелері туралы тексерілетін бөлімшелердің басшыларын хабардар ету.ДП-115 «Сәйкессіздіктерді басқару, түзетуші іс-қимылдар» құжатына сәйкес ИМЖ ішкі аудиті нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктердің себептерін жою бойынша түзетуші іс-қимыл жоспарларының әзірленуін бақылау.Бөлімшелердің түзетуші іс-қимыл жоспарларын орындауын бақылау, олардың орындалу мәртебесін бөлімшелердің есептері негізінде талдау.

Білім:

Жоғары (экономикалық немесе техникалық) білім

Дағдылар:

-

Қосымша:

Аудитордың қызмет бағыты бойынша ЕҚ, ҚТ, ҚОҚ, СМЖ менеджмент жүйелері саласында аудитор ретінде жұмыс тәжірибесінің кемінде 1 (бір) жыл болғаны құпталады.

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген

Қажетті қабілеттер

  • -