Лауазымдық жауапкершілік:
• Автокөлік жүргізушілерінің жұмысын және олардың ауысымдық жоспар мен тасымалдау тапсырмаларын орындауын ұйымдастырады және бақылайды.
• Көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды ұйымдастырады.
• Нақты метеорологиялық жағдайларда жолдардың жай-күйіне, жекелеген учаскелердегі қозғалыс тәртібіне ерекше назар аудара отырып, жүргізушілерге маршруттар бойынша тасымалдау шарттары мен ерекшеліктері туралы нұсқау береді.
• Тасымалдауды дәйекті жедел басқаруды қамтамасыз ету үшін жүргізушілермен, тиеу-түсіру пункттерімен тұрақты байланыста болады.
• Автокөліктің артық тұрып қалуын жою шараларын ұйымдастырады.
• Жүргізушілердің орындаған жұмыстарын көрсететін жол парақтарын және басқа да құжаттарды толтырады, береді және қабылдайды, олардың ресімделуінің дұрыстығын тексереді.
• Жол парақтарындағы тиісті техникалық және пайдалану көрсеткіштерін есептейді.
• Бухгалтерияға ай сайын көлік құралдарының жанармай шығыны туралы мәліметтерді жүріс нормаларын есепке ала отырып жиынтық кесте түрінде ұсынады.
• Ауысымдағы жұмыстар мен оқиғалар туралы жедел қорытындылар мен есептерді құрастырады.
• Көлік құралдарының жұмысын үйлестіреді.
• Техникалық және басқа себептермен мерзімінен бұрын кеткен көліктердің орнына резервтегі көліктерді маршруттағы қозғалысқа қосу, жол жөндеу жұмыстарына байланысты көліктерді маршруттан маршрутқа, басқа бағытқа жедел ауыстыру бойынша шаралар қабылдайды.
• Аяқталған тасымалдау құжаттарының дұрыс ресімделуін тексереді, бөгде кәсіпорындардың көліктерінің жұмысын үйлестіреді.
• Аяқталған жүктерді тасымалдауды бақылауды және есепке алуды қамтамасыз етеді және тасымалдау процестеріндегі ақауларды, көліктерді тиеу-түсіру пункттеріндегі шектен тыс тұрып қалуды жою бойынша шаралар қабылдайды.
• Автокөлік құралдары мен тиеу-түсіру механизмдерін пайдалану нәтижелерін жедел есепке алуды, бақылауды және талдауды жүзеге асырады, кірме жолдардың жағдайын, сондай-ақ жүргізушілердің көліктік тәртіпті сақтауын бақылайды.
• Қажет болған жағдайда желідегі жылжымалы құрамға уақытылы техникалық көмек көрсетуді ұйымдастырады.
• Журнал мен кезекшілік кітапшасын жүргізеді.
• АЖ-3 ақпараттық жүйесіне барлық көліктер мен арнайы техникалардың жүкқұжаттарындағы мәліметтерді енгізеді
Білім:
жоғары, арнаулы ортаДағдылар:
Көлік құралдарының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
Тасымалдау құжаттамасы рәсімдерін білу.
Қызмет көрсету аймағындағы жолдардың орналасуы және ұйымдастыру мекенжайларыҚосымша:
қажет емесБілетін тілдер:
қазақ, орыс