Радиобайланыс аға электр механигі КП КРП станция Кандыагаш «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
- Құрылған күні:
-
20.07.2026
- Берілген өтінім:
- 1
- Қаралған саны:
- 122
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қандыағаш станциясының КП, КРП бекітілген учаскесіне техникалық қызмет көрсету және осы учаскеге бекітілген радиобайланыс электромеханиктерінің жұмысын ұйымдастырып, басшылық ету.
- Техникалық қызмет көрсету жоспар-кестелеріне және басқа да жоспарларға сәйкес жұмыстарды сапалы орындау, электромеханиктердің жұмысын ұйымдастыру және олардың орындалу сапасына бақылау жүргізу.
- Құрылғылардың техникалық жай-күйінде ақаулар немесе белгіленген нормалардан ауытқулар анықталған жағдайда, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс жүргізу тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтай отырып, оларды қысқа мерзімде жою шараларын қабылдау; ақаулардың себептерін анықтап, олардың қайталануына жол бермеу, сондай-ақ істен шығулардың алдын алуға бағытталған ұсыныстар енгізу.
- Қызмет көрсетілетін құрылғыларға өзгерістерді тек бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес енгізу.
- Сеніп тапсырылған жабдықтарға, мүкәммалға, құрал-саймандарға, техникалық және нормативтік құжаттамаға ұқыпты қарау, олардың сақталуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз ету, жұмыс орнын таза ұстау.
- Құрылғылар бойынша білімін үнемі жетілдіру, ақаулардың алдын алу, ал олар туындаған жағдайда пойыз қозғалысының қауіпсіздігін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сөзсіз сақтай отырып, оларды қысқа мерзімде жою шараларын қабылдау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж