"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Қандыағаш станциясының (класстан тыс) парк бойынша кезекші

от 289 370
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
10

Қаралған саны:
161

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1)Ескертулерді беруге және алып тастауға өтінімдер мен жеделхатты қабылдайды. Ескертулер туралы барлық өтінімдер мен жеделхаттар, соның ішінде пойыз диспетчерінің бұйрығымен берілгендер ДУ-60 нысандағы ескертулер кітабына жазылады;
2)Барлық жолаушылар пойыздарына, жеке локомотивтерге және қабылдау жөнелту паркінен жөнелтілетін солтүстік ауқымнан Ақтөбе, Никельтау бағытындағы барлық тақ пойыздарға, Мұғалжар станциясы, Біршоғыр станциясан дейінгі тіке бағаттардағы тіке пойыздарға соның ішінде «Talgo», «Тұлпар-Тальго» вагондарынан қалыптастырылған жүйрік жолаушылар пойызына болжамды және күтпеген ескертулер береді, машинистке, барлық бағытқа жөнелтілетін өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам жүргізушілеріне қолына қол қойдырып жеткізіп, табыстайды.
3) Ақтөбе-Жем, Қандыағаш-Сағыз, қандыағаш-Никельтау телімдерінің пойыз диспетчерлеріне құрамдардың тағайындалуы, салмағы, ұзындығы, орналасуын, оларда «ВМ» қауіпті жүктері бар және габариттен тыс жүктері бар вагонның, жылжамдығы шектеліп жүретін вагондардың бар болуын және пойыздар туралы басқа да қажет мәліметтерді хабарлайды және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болса: пойыз құрастырушысы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші, бағыт ауыстырушы бекетінің кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, белгі беруші, бекет кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру посты кезекшісі, сұрыптау дөңесі кезекшісі лауазымдарында 1 жылдан кем емес; білімі орта болса (техникалық және кәсіптік):пойыз құрастырушысы, вагондар қозғалысы жылдамдығын реттеуші, бағыт ауыстырушы бекетінің кезекшісі, тасымалдау құжаттарын өңдеу операторы, белгі беруші, бекет кезекшісі жанындағы оператор, орталықтандыру посты кезекшісі, сұрыптау дөңесі кезекшісі лауазымдарында 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж