Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі жетекші инженер

«Kazgeology Drilling» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
348

   Конкурс туралы

Міндеттері:

- құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп функционалдық блоктың бөлімшелері үшін материалдық-техникалық қамтамасыз етудің перспективалық және жылдық жоспарларының жобаларын әзірлейді;

- өндірістік қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті тауар-материалдық құндылықтарға, жұмыстар мен қызметтерге құрылымдық бөлімшелердің қажеттілігін талдайды.

- қызметтік жазбалар негізінде бөлімшелердің тауар-материалдық құндылықтарға, жұмыстар мен қызметтерге қажеттілігін айқындайды;

- өндірістік қажеттіліктерге сәйкес материалдық ресурстарды жеткізу мерзімдерін айқындайды.

- шығындарды азайту, материалдық ресурстарды ұтымды пайдалану, қорларды оңтайландыру және жабдықтау процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

- материалдардың шығынын талдайды, тұтыну нормаларын әзірлеуге қатысады, қымбат және тапшылық материалдарды алмастыру бойынша ұсыныстарды, баламалы ресурстарды қолдану бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады

- жеткізушілермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыруға және дамытуға қатысады, жеткізу көздерінің жаңа нұсқаларын және сатып алу үшін тиімді шарттарды іздейді;

- сатып алудың оңтайлы нұсқаларын анықтау мақсатында нарықты, материалдар ассортиментін және жеткізушілердің ұсыныстарын талдайды.

- шарттар талаптары бұзылған жағдайда жеткізушілерге қойылатын талап-арыздар (претензиялар) бойынша материалдарды дайындайды, анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылайды;

- қолданыстағы бөлімшелердің қажеттіліктері шеңберінде жеткізушілермен шарттар талаптарына өзгерістерді келісуге қатысады.

- жеткізушілердің шарттар талаптарын, жеткізу мерзімдерін, келіп түсетін ТМҚ саны мен сапасын орындауын бақылайды;

- жеткізушілердің есеп айырысу құжаттарының дұрыс ресімделуін, олардың келісуін және төлемге уақтылы тапсырылуын бақылайды.

- материалдық-техникалық қамтамасыз етуге және ағымдағы жұмыс процестеріне қатысты басшылықтың тапсырмаларын орындайды;

- Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • - Техникалық мамандықтар бойынша орта немесе жоғары білім.
  • - Осы лауазымның функционалдық міндеттерімен ұқсас лауазымдарда кемінде үш жыл еңбек өтілі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж