"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Алматы филиалы Матай станциясының атқыштар командасы бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Атқыштар командасының жұмысын ұйымдастыруға, алып жүрілетін жүктер мен күзетілетін объектілердің күзетін қамтамасыз етуге, сондай-ақ күзет сағаттарының жоспарлы көлемін орындауға дербес жауапты болады.
- Күн сайын тәуліктік ведомостарды (ХУ-1 нысаны) және маршруттық парақтарды (ХУ-2 нысаны) өңдейді, күзетшілерді ұтымды пайдалану және шарттарға сәйкес штат нормативінің орындалуы бойынша күнделікті талдау жүргізеді, жұмыс уақытының есебін жүргізу табелін күн сайын толтырады; еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын өңдейді, қажет болған жағдайда атқыштар командасы қызметкерлерінің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын алуының дұрыстығын тексереді.
- Жүктердің, объектілердің, сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау (СОБ), сондай-ақ байланыс техникалық құрылғыларының сақталуын қамтамасыз ету, өткізу режимін және теміржол көлігінде белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырады.
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерді орындайды. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидаларын біледі және сақтайды.
- Жүктерді күзетпен алып жүру және объектілерді күзету кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандық бағыты: Құқықтану; Құқықтану ісі; Әскери басқару; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Локомотивтер және локомотив шаруашылығы; Электрлік және электромеханикалық жабдық; Құрылыс; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер.
- Жұмыс өтілі: ұйымның бейініне сәйкес мамандық бойынша немесе теміржол көлігіндегі күзет қызметін ұйымдастыру саласында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр