Әскерилендірілген күзет ұйымы секторының 1 санатты маманы ӘТЖК Алматы филиалы "Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС

397 545 - 407 155
Алматинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
51

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру көрсеткіштері бойынша әскерилендірілген күзет топтарының жұмысын апталық, айлық, тоқсандық және жылдық негізде талдайды, анықталған кемшіліктерді жою және әскерилендірілген күзетті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар әзірлейді.
  • Белгіленген нысандарға сәйкес әскерилендірілген күзеттің жай-күйі туралы ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жыл сайынғы есептердің уақтылы әрі сапалы дайындалып, Серіктестіктің Әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру департаментіне ұсынылуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
  • Жүктердің сақталмауына (ұрлық, жетіспеушілік, коммерциялық ақаулар) байланысты орын алған фактілер бойынша қызметтік тергеп-тексерулерді ұйымдастырады және жүргізеді, сондай-ақ жүк сақталмауына себеп болған мән-жайлар мен жағдайлардың, түзету іс-шараларының, жауапты тұлғалардың және оларды іске асыру мерзімдерінің жедел хаттамада толық көрсетілуін және материалдардың толық жиналуын бақылайды.
  • Қызметтік тергеп-тексеру материалдарын, хаттамаларын және қорытындыларын дайындайды, сондай-ақ филиалдың атқыштар бөлімшелерінде жүктердің сақталмауы фактілері бойынша өткізілетін жедел кеңестер мен талқылауларға қатысады.
  • Жүктердің сақталмауы жағдайлары бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарын Серіктестіктің Орталық аппаратының Жүктердің сақталмауын тергеп-тексеру, талап-арыздар және өндіріп алу бөліміне ұсынады.
  • Филиалдың атқыштар командалары мен топтарының күзет қызметін ұйымдастыруын бақылайды және қамтамасыз етеді, сондай-ақ қызметті ұйымдастыру мен күзет қызметін жоспарлап, олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді. Жүктер мен тауарлық-материалдық құндылықтарды әскерилендірілген күзетпен қамтамасыз ету бойынша жедел ахуалға тәуліктік мониторинг жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).

Мамандық бағыты: Құқықтану; Құқықтану ісі; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Логистика; Автоматтандыру және басқару; Менеджмент; Ақпараттық жүйелер; Инженерлік жүйелер; Көлік құрылысы (темір жолдарды салу, темір жол және жол шаруашылығы).

Жұмыс өтілі: кемінде 2 жыл немесе теміржол көлігіндегі күзет қызметін ұйымдастыру саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр