"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС ӘТЖК Семей филиалы Семей станциясындағы атқыштар командасының диспетчері

от 269 811
Семейский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
164

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • кезекшілікке келген кезде байланыс құралдары мен компьютерлік техниканың жарамдылығын тексеру;
  • кезекшілікке келген кезде филиалдың ауыспалы диспетчерінен есеп құжаттамасын қабылдау;
  • жедел жағдайды, номенклатурасы бар вагондарды ілгерілетуді нақтылау
  • телімдегі жүктермен және шарттық вагондармен, одан әрі филиал бөлімшелерімен телефон арқылы байланыста болу;
  • желілік бөлімшелерден (аға күзетшілерден) жедел жағдай мен телефонограммаларды қабылдау, оларды кіріс телефонограммаларын есепке алу кітабына жазу, сондай-ақ филиалдың басқару аппаратынан шығатын телефонограммаларды бөлімшелерге уақтылы беру;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары кәсіби
  • Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; әскери басқару; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар және вагон шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Көліктік энергетикалық қондырғыларды пайдалану; Локомотив және локомотив шаруашылығы. Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру қызметінде, оның ішінде аға күзетші, күзетші (көмекші), күзетші лауазымдарында кемінде 2 жыл
Қосымша талаптар:
  • мамандандырылған оқу орталығында бастапқы даярлықтың арнайы курсын аяқтағаны туралы куәліктің міндетті түрде болуы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр