«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау секторының тәуекелдерді басқару бас менеджері (16 грейд)

от 561 449
«ҚТЖ – ЖҮК ТАСЫМАЛЫ» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
161

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Серіктестіктің тәуекелдері мен ішкі бақылауы жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және оларға өзекті сипат беру;

- Серіктестіктің тәуекелдерін, сондай-ақ оларды төмендету жөніндегі ықтимал шараларды сәйкестендіру және бағалау;

- тәуекелдер тізілімін, тәуекелдер картасын, Серіктестіктің түйінді/сындарлы тәуекелдерін төмендету жөніндегі іс-шараларды қалыптастыру;

- анықталған тәуекелдер бойынша негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және есептеу;

- Серіктестіктің бизнес-процестерінің тәуекелдері мен бақылауларының блок-схемалары мен матрицаларын әзірлеу (BPMN бағдарламалары арқылы);

- алдыңғы қатарлы талдауларды қолдана отырып тәуекелдерді сандық бағалау;

- Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері Серіктестіктің Байқаушы кеңесіне шығаратын мәселелер бойынша ықтимал тәуекелдерді талдау және бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдары бар сараптамалық қорытындылар;

- тәуекелдер бойынша тоқсан сайынғы есеп үшін Серіктестіктің іске асырылған тәуекелдері бойынша базаны қалыптастыру;

- Серіктестік пен оның филиалдарының қызметкерлерін тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау негіздері бойынша оқытуды жүргізу;

- Серіктестіктің бизнес-процестеріне жасанды интеллектті енгізу бойынша ұсынымдар әзірлеу.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Білімдер: Міндетті: жауапкершілік шеңберіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасын, құзыреті мен міндеттері шеңберіндегі Серіктестіктің жергілікті актілерін, орталық аппарат пен филиалдарды қоса алғанда, Серіктестіктің ұйымдық құрылымының схемасын.
Мамандығы: логистика; экономика; менеджмент; қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; есеп және аудит; көлік, көлік техникасы және технологиялары; ақпараттық технологиялар (ІТ); үлкен деректерді талдау (BIG Data Analysis); және/немесе темір жол мамандықтары

Жұмыс тәжірибесі: кемінде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы