Жүйелік әкімші

«Шүлбі ГЭС» ЖШС Шүлбі к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
185

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жергілікті есептеу желісінің (бұдан әрі мәтін бойынша — ЖЕЖ) және дерекқорлардың (бұдан әрі мәтін бойынша — ДҚ) қорғаныс деңгейін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

    Қорғаныс талаптарын ескере отырып ЖЕЖ құрамына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен салдарын бағалау, өз ұсыныстарын дайындау;

    Тиісті түрде ресімделген рұқсат алынған кезде, олардың қол жеткізу құқықтарына сәйкес ЖЕЖ пайдаланушыларына қорғалатын ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;

    ЖЕЖ-де зиянды бағдарламалық қамтамасыз етудің (бұдан әрі — БҚ) сондай-ақ функционалдық міндеттерді орындаумен байланысты емес БҚ-ның орнатылуына, қолданылуына, сақталуына және көбейтілуіне жол бермеу;

    Желі пайдаланушыларының ЖЕЖ және ДҚ ресурстарына рұқсатсыз қол жеткізу фактілерін (бұдан әрі мәтін бойынша — РҚҚ) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламаларды қолдануын тыйым салу және дереу бұғаттау;

    РҚҚ әрекеттерінің, ЖЕЖ және ДҚ қорғанысының бұзылуының барлық әрекеттері туралы басшылыққа дереу хабарлау;

    Пайдаланушыларға РҚҚ-дан және ЖЕЖ құрамына кіретін басқа да қорғаныс құралдарын қолдану бөлігінде көмек көрсету;

    ЖЕЖ жұмыс станцияларында және серверлерінде бөгде тұлғалардың жұмыс істеуіне жол бермеу;

    Қолданыстағы АТ жөніндегі нұсқаулықтардың талаптарын қатаң сақтау және орындау,

  • сондай-ақ оларды ЖЕЖ-дің басқа пайдаланушыларының да орындауын талап ету және бақылау;

    СИТиК Басшысының жекелеген қызметтік тапсырмалары мен өкімдерін орындау;

    Төмендегілер бойынша жұмыстарды орындау: АТ жабдықтарын және ЖЕЖ-ді қызмет көрсету; БҚ-ны орнату, жою, жаңарту; жұмыс орындарын ЖЕЖ-ге қосу;

    Бақылау және тестілік сынақтарға, ЖЕЖ-ді, жұмыс станцияларын, дерекқорларды (бұдан әрі мәтін бойынша — ДҚ) тексеруге және ЖЕЖ қорғаныс құралдарының дұрыс жұмыс істеуін тексеруге қатысу, жаңа бағдарламалық және аппараттық құралдарды қабылдау.

    Ақпараттың резервтік көшірмеленуін, қолданыстағы нұсқаулықтарға сәйкес; ЖЕЖ және оның жекелеген ішкі жүйелерінің қорғаныс жағдайын; қолданбалы және жүйелік БҚ-ны, жабдық драйверлерін, жабдықтың микробағдарламалық қамтамасыз етуін (прошивка, BIOS) уақтылы жаңартуды; патчтарды орнатуды; жабдық пен БҚ тіркейтін жүйелік оқиғалар журналдарын мүмкін болатын бұзушылықтар мен ақаулықтарды анықтау, сондай-ақ оған сеніп тапсырылған жабдықтың физикалық сақталуын қамтамасыз ету мақсатында бақылауды жүзеге асыру;

    СИТиК Басшысы айқындаған тәртіппен орындалған жұмыс туралы есеп құрастыру;

    ИСМ құжаттамасын әзірлеуге, СИТиК бюджеті қалыптастыруға қатысады.

Талаптар:

  • Сәйкес бағыт бойынша орта арнаулы немесе жоғары кәсіби (техникалық) білімнің болуы
  • Ақпараттық технологиялар саласында кемінде бір жыл лауазым бойынша жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • 5/2, 8.00-17.00, 12.00-13.00 аралығында үзіліспен
  • Шульбинск кентіне немесе Новобаженово ауылына көшу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж