Қоймашы

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
51

Қаралған саны:
559

   Конкурс туралы

Білімі (жоғары білім, мамандығы/біліктілігі)

Білімі: Орта немесе жоғары білім және 1С бағдарламасы бойынша арнайы оқудан өткен болуы тиіс.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: Кемінде 1 жыл.

Куәлігінің (сертификатының) болуы

Куәлігінің болуы: Жүк тиегіш (айырлы тиегіш) операторының куәлігі.

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

-

«ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы жүйесінде/мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі

-

Тілдерді білуі

Қазақ тілі, орыс тілі

Компьютерде жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді меңгеруі

Білу керек: 1С, MC Word, Excel, Power Point,

Adobe Acrobat

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер

1.      Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу.

2.      Өрт-техникалық минимум талаптарын білу.

3.      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздерін білу.

4.      Ұйымның ішкі еңбек тәртібі қағидаларын білу.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттері:

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттері:

  1. Тауарды қабылдау және босату кезінде қоймашы «Қазахтуркмұнай» ЖШС-нің 30.10.2020 жылғы №359 бұйрығымен бекітілген «ТМҚ-ны қабылдау және босату қағидаларын» басшылыққа алады.
  2. Қойманың тауарлық-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) және негізгі құралдарды (бұдан әрі – НҚ) қабылдау, сақтау және босату, сондай-ақ оларды қойма алаңдарын тиімді пайдалану, қажетті ТМҚ мен НҚ-ны іздеуді жеңілдету және жеделдету мақсатында орналастыру жұмыстарын ұйымдастырады.
  3. Қабылданатын ТМҚ мен НҚ-ның ілеспе құжаттарға сәйкестігін тексереді.
  4. Жеткізуші ұсынған қол қойылған шартқа сәйкес ТМҚ мен НҚ-ны қабылдайды, жеткізілетін ТМҚ мен НҚ-ны шарттың техникалық тапсырмасымен салыстырады.
  5. Қоймада сақталатын ТМҚ мен НҚ-ның сақталуын, сақтау режимдерінің сақталуын, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу және тапсыру тәртібінің орындалуын қамтамасыз етеді.
  6. Қоймадағы тиеу-түсіру жұмыстарын еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып ұйымдастырады.
  7. Қоймадағы тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде автотиегішті басқарады.
  8. Алмалы жүк қармау құрылғылары мен механизмдерін орнатады және ауыстырады.
  9. Автотиегішпен жұмыс істеу кезінде автотиегіштің құрылысын, жүктерді көліктің барлық түрлеріне тиеу және түсіру тәсілдерін, жүктерді көтеру, жылжыту және орналастыру ережелерін біледі және сақтайды.
  10. Автотиегішке техникалық қызмет көрсету мерзімділігін бақылайды және қажет болған жағдайда жауапты бөлімге хабарлайды.
  11. Автотиегіштерді техникалық паспортқа, дайындаушы зауыттың нұсқаулығына және тиеу-түсіру машиналарын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес ұстайды және пайдаланады.
  12. Анықталған ақаулар туралы машинаның техникалық жағдайы журналына тиісті жазба енгізеді, жүк көтергіш машиналардың жарамды күйде ұсталуына жауапты тұлғаға хабарлайды және ақауларды жою бойынша шаралар қабылдайды.
  13. Автотиегішті жөндеу және тұрақ орындарын таза және тәртіпті жағдайда ұстайды.
  14. Берілген өтінімдерге сәйкес жанар-жағармай материалдарын (дизель отыны/бензин) босатуды, қызметтік автокөлік пен арнайы техниканы жанармаймен толтыруды жүзеге асырады, қорларды ішкі ауыстыру жөніндегі тиісті жүкқұжаттарды және басқа да есептік құжаттарды рәсімдейді.
  15. FIFO қағидатының (бірінші түскен – бірінші пайдаланылған) сақталуын бақылайды.
  16. Қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, тиеу-түсіру операциялары мен ТМҚ және НҚ сақтау шығындарын азайту бойынша ұсыныстар енгізеді және іс-шараларды жүзеге асырады.
  17. Белгіленген нысандар мен мерзімдерге сәйкес бухгалтерияға және ОМТСиСХ бөліміне есептерді дайындайды және тапсырады.
  18. Ұрлық, ысырап, жетіспеушілік және өзге де бұзушылықтар туралы материалдарды дайындауға қатысады.
  19. Қойма шаруашылығы объектілерінде қауіпсіздік, тазалық, үй-жайларды пайдалану талаптарының орындалуын бақылайды.
  20. Үй-жайларды пайдалану талаптарының орындалуын бақылайды (авариялық және өрт шығу жолдарының бөгелмеуі, жабдықтардың дұрыс орналасуы).
  21. Стеллаждар мен материалдардың жағдайын тексереді.
  22. Қоймадағы өртке қарсы жабдықтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыс істеуін бақылайды, үй-жайлардың, жабдықтардың және мүкәммалдың жағдайын қадағалайды, қажет болған жағдайда профилактикалық қызмет көрсету және уақтылы жөндеу жүргізу туралы тікелей басшылыққа жазбаша өтініш береді.
  23. Қойма операцияларының есебін жүргізеді, кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу және тапсыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
  24. Серіктестіктің қоймаларындағы ТМҚ мен НҚ түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысады.
  25. Жүктерді және инфрақұрылымның басқа элементтерін сақтау кезінде тиісті санитарлық жағдайларды қамтамасыз етеді.
  26. Қойма үй-жайларын, жабдықтарды және мүкәммалды уақтылы жөндеуге өтінім береді.
  27. ТМҚ мен НҚ-ны ұтымды пайдалануды бақылайды.
  28. Қазақстан Республикасының еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өндірістік-санитариялық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс саласындағы қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындайды.
  29. Серіктестіктің еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды.
  30. Осы нұсқаулықтың 2.2-тармағында көрсетілген тұлғалардың құзыреті шегіндегі өзге де тапсырмаларын орындайды.