«ҚазГӨЗ» ЖШС СКД жобалау және құрылыс бөлімінің іске қосу-баптау жұмыстары (ҚБЖ) және жетекші инженер-механигі. (Назар аударыңыз! Бұл бос жұмыс орны уақытша болып табылады және жаңа газ өңдеу зауыты пайдалануға берілгенге дейін ғана жарамды.)

«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС Жаңаөзен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
252

   Конкурс туралы

Білім деңгейі:

Жоғары білім (техникалық).

Білім беру бағыты:

  • Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс;
  • Мұнай-газ ісі;
  • Мұнай және газ кен орындарын игерудің технологиясы және кешенді механикаландыру.

Мамандығы бойынша және ұқсас лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі:

Кемінде 5 жыл, сондай-ақ ірі халықаралық жобалардағы жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім мен дағдылар

Міндетті:

  • технологиялық, сорғы-компрессорлық жабдықтарды жөндеуді ұйымдастыруға қатысты нормативтік, әдістемелік және өзге де құжаттарды білу;
  • жабдықтардың жұмысын және жөндеу жұмыстарын жоспарлау тәртібі мен әдістерін білу;
  • NACE, API, ISO талаптарына және қысымды түсіру стандарттарына сәйкес қышқылды ортадағы күрделі жүктемелер кезінде жабдықтарды (резервуарлар, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, қазандықтар, жылу алмастырғыштар, колонналар, ЖЖЖК (HVAC) жүйелері) және құбырларды есептеу әдістерін білу;
  • конструкциялардағы кернеулерді есептеуді білу;
  • жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеу (ЖАЖ) жүйесін және оларды ұтымды пайдалануды білу;
  • газ өңдеу зауыты жабдықтарының өндірістік қуатын, техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерін, мақсатын, жұмыс режимдерін, пайдалану қағидаларын, ЖАЖ құрылымын және жөндеудің барлық түрлерінің көлемін білу;
  • жабдықтарды монтаждау және жөндеу әдістерін, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру мен технологиясын, отандық және шетелдік озық тәжірибені білу;
  • ақау ведомостарын, жабдық паспорттарын, қосалқы бөлшектердің сызбаларын, пайдалану нұсқаулықтарын және өзге де техникалық құжаттарды жасау тәртібін білу;
  • жөндеуден кейін жабдықтарды қабылдау және тапсыру қағидаларын білу;
  • байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
  • жабдықтарды пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарын білу;
  • экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін білу;
  • жабдықтарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге және басқа да қажеттіліктерге өтінім жасау тәртібін білу;
  • тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізуге арналған шаруашылық шарттарды жасасу тәртібін білу;
  • қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт және газ қауіпсіздігі, экология талаптарын білу;
  • газды дайындау және өңдеу объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу;
  • газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздік талаптарын білу;
  • қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу;
  • компрессорлық станцияларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу;
  • жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларын білу;
  • электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын білу;
  • Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы», «Азаматтық қорғаныс туралы», «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы», «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы», «Өрт қауіпсіздігі туралы», Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін және Экологиялық кодексін білу;
  • өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру қағидаларын білу;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, газ және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидаларды, нормалар мен нұсқаулықтарды білу;
  • ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 халықаралық стандарттарының талаптарын білу;
  • құбырлар мен жабдықтарды өндіруде қолданылатын материалдар мен құрамдас бөлшектерге қатысты ГОСТ, ASTM, ANSI, API, DIN, ISO, BS EN стандарттарын білу (болат табақтар, құбырлар, фланецтер, тығыздағыштар, фитингтер, бұрандалы қосылыстар, клапандар және т.б.);
  • дәнекерлеу және бұзбай бақылау (NDT) талаптарын білу;
  • құбырлар мен жабдықтарды дайындауда қолданылатын болаттар мен қорытпалардың механикалық және химиялық қасиеттерін түсіну;
  • компьютерді тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде меңгеру, MS Office (Excel, Word) бағдарламаларын білу және есептеу техникасын пайдалану қағидаларын меңгеру.

Құпталатын талаптар:

  • MBA дәрежесінің болуы;
  • ағылшын тілін меңгеруі.

Басқарушылық құзыреттер

  • командада үздік болу;
  • жұмысты тиімді ұйымдастырып, мақсатқа қол жеткізу;
  • көптеген идея ұсынып, бір тиімді шешім қабылдау және проблемаларды болдырмау.

Корпоративтік құзыреттер

  • жауапкершілік танытып, бастамашыл болу;
  • әрекет етіп, үздік нәтижеге қол жеткізу;
  • командада жұмыс істеп, компания мүддесін қорғау;
  • серпінді болып, үнемі даму;
  • талдау жасап, ойланып, ұсыныстар енгізу;
  • өзіне сенімді болып, әріптестерді құрметтеу және компанияны мақтан тұту;
  • қауіпсіз еңбек ету.

Лауазымдық міндеттері

  • жобалаудың барлық кезеңдерінің орындалу барысына бақылау жүргізеді;
  • неғұрлым тиімді технологиялық процестерді, көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу мәселелерін шешуге қатысады, жобаның құнын төмендетуге және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді;
  • құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердегі өзгерістерді қарауға және келісуге қатысады, қажет болған жағдайда материалдарды және негізгі механикалық жабдықтарды (қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, жылу алмастырғыштар, қазандықтар, сорғылар, компрессорлар, резервуарлар және т.б.) ауыстыру мәселелерін шешеді, жаңа зауыт құрылысына жеткізілген жабдықтарды қабылдауға қатысады;
  • жобалау кезеңінде негізгі және қосалқы өндірістерге арналған механикалық (динамикалық және статикалық) жабдықтарды, технологиялық құбырларға арналған материалдарды, жүк көтергіш механизмдерді, бекіту арматурасын, оқшаулағыш материалдарды және басқа да ірі габаритті тауарларды таңдауға қатысады;
  • жылыту, желдету және ауаны баптау (HVAC), сондай-ақ өртке қарсы қорғау жүйелеріне арналған жабдықтарды және ірі габаритті тауарларды таңдау мен сатып алуға қолдау көрсетеді;
  • құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде механикалық жабдықтарды, технологиялық құбырларға арналған материалдарды, жүк көтергіш механизмдерді, бекіту арматурасын, оқшаулағыштарды және басқа да жабдықтарды монтаждау жұмыстарына бақылау жүргізеді;
  • механикалық жабдықтарды пайдалану, жөндеу және іске қосу-баптау бойынша пайдалану құжаттамасының (техникалық регламенттер, жұмыс нұсқаулықтары және т.б.) дайындалуын бақылайды;
  • механикалық жабдықтарды, технологиялық құбырларды, жүк көтергіш механизмдерді және бекіту арматурасын іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық пен оларды өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді;
  • жабдықтарды кешенді сынақтан өткізу жұмыстарын бақылайды, технологиялық параметрлердің ауытқу себептерін жою және қалпына келтіру шараларын ұйымдастырады;
  • жобаға сәйкес жабдықтардың толық жинақталуын бақылайды;
  • жабдықтарды пайдалану және жөндеу, қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету және өз құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша техникалық хат алмасуды жүргізеді;
  • басшылықтың бұйрықтары мен өкімдерінің, мемлекеттік бақылау органдарының, еңбек инспекторларының және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • жаңа зауыттың жабдықтарын жөндеу және пайдалану үшін қажетті материалдар мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдер дайындайды;
  • жабдықтарды монтаждау жұмыстарының сапасын, қаражаттың ұтымды жұмсалуын, қоймаларда жабдықтардың дұрыс сақталуын, жүк көтергіш механизмдердің уақтылы техникалық куәландырылуын және жабдық паспорттарына өзгерістердің енгізілуін бақылайды;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел бақылауға және салынып жатқан газ өңдеу зауыты объектілеріндегі техникалық қадағалауға қатысады;
  • құрылыс-монтаж жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы орындауды қамтамасыз ететін іс-шараларды әзірлеуге және олардың орындалуын бақылауға қатысады;
  • жаңадан монтаждалған жабдықтар мен құбырларды қабылдауға қатысады;
  • салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылыс жобасы талаптарының, жабдықтар мен құбырларды монтаждау технологиясының сақталуын бақылайды;
  • жабдықтардың толықтығын, техникалық құжаттаманың болуын және оның Қазақстан Республикасы нормативтік талаптарына сәйкестігін бақылайды;
  • мердігер ұйым персоналының өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды.