отын-көлік-2 цехының 2-санатты инженері
1) ОКЦ-2 қызметкерлер құрамының жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттаманы уақытылы өңдеуді қамтамасыз ету;
2) Цех қызметкерлер құрамының штаттық құрамының есебін жүргізу;
3) ОКЦ-2 цехының негізгі құрал-жабдықтарын есептен шығару немесе басқа ұйымдарға (цехтарға) беру үшін құжаттаманы дайындау және рәсімдеу;
4) ЖҚҚ орталық қоймасынан уақытылы алу және цех қызметкерлер құрамына беру. ЖҚҚ есебін жүргізу және жарамсыз болып қалған ЖҚҚ шығынға жазуды уақытылы жүргізу;
5) Белгіленген мерзімде жұмыс уақытын есепке алу табелін рәсімдеу және ақы төлеуге ұсыну;
6) Еңбек демалысы кестесін жасау кезінде қатысу және оның орындалуына ай сайын бақылау жүргізу.
7) Жедел қызметкерлер құрамының ауысым кестесін жасауға қатысу;
8) Жедел қызметкерлер құрамының ауысым кестесін сақтау бойынша талдау жүргізу: тоқсан сайынғы, жартыжылдық, жылдық;
9) Журналдарды, кеңсе тауарларын алуға өтінімдер жасау;
10) Медициналық тексеру кестесін жасау кезінде қатысу және оның орындалуын бақылау.Талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (жылу механикасы, жылу энергетикасы). Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша және санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар