Релелік қорғаныс және автоматика аппаратурасын жөндеу жөніндегі электромонтер (БПО)
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтау қ.Міндеттері:
-
1) электр жабдықтарына профилактикалық диагностикалық бақылау (ПДК) жұмыстарын орындау;
2) қорғаныс құралдарын, электр аспаптарын және қорғаныс құрылғыларын сынақтан өткізу бойынша жұмыстарды орындау;
3) жабдықты бөлшектеу, ревизиялау, жинау, техникалық қызмет көрсету және ақауларды жою;
4) кинематика механизмі мен электр сұлбасындағы ақауларды анықтап жою, реттеу, бөлшектерін ауыстыру арқылы орташа күрделіліктегі аралық реле(лер)ін жөндеу және баптау;
5) орташа күрделіліктегі релейлік қорғаныстарды және автоматика құрылғыларын тексеру мен баптау үшін, өлшеу трансформаторлары, майлы ажыратқыштардың жетектері үшін сынақ сұлбаларын жинау және екінші реттік коммутация тізбектерінің оқшаулауын сынау
6) орташа күрделіліктегі қорғаныстарды тексеруге арналған жинақталған сынақ құрылғыларын, электромагниттік ажыратқыштың (блокировканың) құрылғыларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету
7) мүлікке және материалдық-техникалық құндылықтарға, құралдарға, ЖҚҚ-ға, құжаттамаға (нұсқаулықтар, журналдар, куәлік және т.б.) ұқыпты қарау;
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерінің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, жол қозғалысы қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитария және гигиена бойынша актілерінің талаптарын орындау;
Талаптар:
-
Осы лауазымға арналған конкурсқа қатысу үшін кандидатқа қойылатын міндетті талап:
- Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электромонтердің біліктілік куәлігінің болуы (ЭХЗ және ВЛ);
- Электр қауіпсіздігі бойынша IV топтың біліктілік куәлігінің болуы (1000 В-қа дейін және одан жоғары).
Шарттар:
- Қосымша хабарлаймыз, конкурс негізінен Маңғыстау облысының тұрғындары арасында өткізіледі. Жергілікті еңбек нарығында лайықты кандидаттар болмаған жағдайда екінші кезекте басқа өңірлердің кандидаттары қаралатын болады.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Ұқсас вакансиялар