Жылу автоматикасы және өлшемдер цехының 1-санатты инженері.

369 000 - 379 000 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жшс Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
203

   Конкурс туралы

Басшының әкімшілік өкімдік қызметін ұйымдастырушылық-өндірістік қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

өндірістік жоспарлау, есепке алу, цехтың өндірістік қызметі туралы есептілікті жасау және уақытылы ұсыну;

өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптарына және кәсіпорынның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес өндірістік құжаттаманы әзірлеу/қайта қарау;

кәсіпорын басшылығы қабылдаған жобаларды, бағдарламаларды, жоспарларды, қажетті ақпарат пен есептілікті ұсына отырып, іс-шараларды, станцияның құрылымдық бөлімшелеріне тиесілігі бойынша іске асыру;

ТМҚ тікелей мақсаты бойынша алуға, сақтауға және пайдалануға жауапты адамның міндеттерін орындау.

қызметкерлер құрамын табельдік есепке алуға жауапты міндеттерді орындау;

құрылымдық бөлімше қызметкерлер құрамының компания мүдделерін, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтауын бақылау.

Келесілерді білуі тиіс: Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, орындалатын жұмыс мәселелері бойынша әдістемелік және басқа материалдар, техникалық даму перспективалары және ұйым (ұйым бөлімшелері) қызметінің ерекшеліктері, жұмыс қағидаттары, техникалық сипаттамалары, әзірленетін және пайдаланылатын техникалық құралдардың, материалдардың конструктивтік ерекшеліктері және олардың қасиеттері, есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың қазіргі заманғы құралдары, зерттеу әдістері, жұмыстарды орындау қағидалары мен шарттары, техникалық құжаттамаға, материалдарға қойылатын негізгі талаптар, техникалық құжаттаманы жасау және ресімдеу жөніндегі қолданыстағы стандарттар, техникалық шарттар, қағидалары мен нұсқаулықтар, техникалық есептеулер жүргізу және зерттеулер мен әзірлемелердің экономикалық тиімділігін айқындау әдістері, ғылым мен техниканың жетістіктері, қызметтің тиісті саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе, экономика, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздері,  еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидалары, өрт қауіпсіздігі талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (жылу энергетикасы, жылу техникасы, электр энергетикасы). Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша және 2-санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр