Заңгерлік қолдау қызметінің жетекші заңгері
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі, сондай-ақ Серіктестік филиалы үшін туындайтын құқықтық тәуекелдерді айқындау мақсатында шарттарға (келісімшарттарға), келісімдерге және өзге де құжаттарға оларды жасасу сатысында құқықтық сараптама жүргізеді;
• Филиал сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктеріне Қазақстан Республикасының заңнамасына және «Самұрық-Қазына» АҚ нормативтік құжаттарына сәйкес құқықтық сараптама жүргізеді және оларды Серіктестіктің электрондық құжат айналымы жүйесінде келіседі;
• Сатып алу веб-порталында тендер және баға ұсыныстарын сұрату тәсілдері бойынша сатып алу қорытындылары негізінде жасалатын шарттардың жобаларын әзірлейді, келісуді және қол қоюды ұйымдастырады, сондай-ақ жасалған шарттарды СЭСЖ-ға (ИСЭЗ) уақтылы беруді қамтамасыз етеді;
• Серіктестіктің үлгілік шарттар журналына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, сатып алу веб-порталында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарттарының үлгілерін қалыптастырады;
• Филиал директорының тапсырмасы бойынша филиал қызметкерлеріне сенімхаттарды дайындайды және сенімхаттар тізілімін жүргізеді;
• Ішкі құжаттарды, бұйрықтардың, мемлекеттік органдарға жолданатын өтініштер мен сұрау салулардың жобаларын, сондай-ақ филиал қызметі барысында пайдаланылуы мүмкін шарттарды, құқықтық сипаттағы хаттарды және ұсынымдық нысандарды әзірлейді және/немесе келіседі, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, Серіктестіктің Жарғысына және ішкі реттеуші құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді;
• Филиалдың талап қою және сот-іс жүргізу жұмысын жүзеге асырады, филиалдың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді және қорғайды, оның ішінде соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда;
• Аудиттің сұраулары бойынша өз құзыреті шегінде ақпарат ұсынады;
• Филиал қызметі барысында туындаған мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар береді;
• Өзіне еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды;
• Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
• Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
• Тікелей басшысының Бөлімшенің қызметіне және қызметкердің жұмыс мазмұнына қатысты өзге де тапсырмаларын орындайды;
• Бөлімшеге жүктелген міндеттерге сәйкес оның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады;
• Бағынысты қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді, тапсырмалардың уақтылы әрі толық орындалуын бақылайды;
• Бағынысты қызметкерлердің кәсіби дамуын жоспарлайды, олардың міндетті оқудан және бағалаудан уақытылы өтуін қамтамасыз етеді;
• Тапсырмалар мен нұсқаулардың нақты орындалуын, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізілуін талдайды;
• Анықталған ауытқулар болған жағдайда (мерзімдер, міндеттер көлемі, орындалған жұмыстың сапасы бойынша) түзету іс-шараларын әзірлейді және іске асырады;
• Өзіне сеніп тапсырылған Бөлімшенің жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
• Бағынысты қызметкерлердің нәтижелілігі мен тиімділігінің мақсатты көрсеткіштерін белгілейді, бекітілген мақсаттарға қол жеткізілуін бақылайды;
• Қызметкерлер мен аутстаффинг персоналының EKS порталында Бөлімше туралы ережемен уақытылы таныстырылуын қамтамасыз етеді;
• Қызметкерлер мен аутстаффинг персоналының EKS порталында лауазымдық нұсқаулықпен уақытылы таныстырылуын қамтамасыз етеді;
• EKS порталында Бөлімше туралы ереженің және лауазымдық нұсқаулықтардың уақытылы әзірленуін қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- Тиісті қызмет бойынша жоғары кәсіптік білімі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы, оның ішінде лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе салаларда бейін бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілінің болуы (құпталады).
- Қазақ тілін білу;
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі (сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау) саласындағы білім;
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі ұйымдастырушылық және өкімдік актілерін білу;
Талап қою және сот-іс жүргізу жұмысын жүргізу бойынша білім мен дағдылардың болуы (сотқа дейінгі талаптарды, талап-арыздарды, пікірлерді, апелляциялық және кассациялық шағымдарды дайындау, сондай-ақ соттарда өкілдік ету және т.б.);
Microsoft Office бағдарламалық қамтамасыз етуін, электрондық құжат айналымы жүйесін, «Параграф» ақпараттық жүйесін және басқа да қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді білу. - Қазақ тілін білу;
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі (сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау) саласындағы білім;
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру саласындағы «Самұрық-Қазына» АҚ ішкі ұйымдастырушылық және өкімдік актілерін білу;
Талап қою және сот-іс жүргізу жұмысын жүргізу бойынша білім мен дағдылардың болуы (сотқа дейінгі талаптарды, талап-арыздарды, пікірлерді, апелляциялық және кассациялық шағымдарды дайындау, сондай-ақ соттарда өкілдік ету және т.б.);
Microsoft Office бағдарламалық қамтамасыз етуін, электрондық құжат айналымы жүйесін, «Параграф» ақпараттық жүйесін және басқа да қажетті бағдарламалық қамтамасыз етуді білу.
Шарттар:
- Атырау қ.
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр