«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-«Ақмола» филиалы техникалық бөлімі бастығының орынбасары

503 670 - 526 150
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
71

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізе отырып, филиал шаруашылықтарын комиссиялық көктемгі, күзгі тексерулерге қатысады, анықталған ескертулерді жою жөнінде іс-шаралар әзірлеуді және агенттік пункттер, ТЧЭ, т. б. басшылардың есептер жасауын бақылау;
  • анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар енгізе отырып, филиал шаруашылықтарының техникалық тексерулеріне қатысады, анықталған ескертулерді жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және филиал кәсіпорны басшыларының есептер жасауына бақылау жасайды;
  • филиалдың рационализаторлық қызметі бойынша жұмысты, техникалық жаңалықтарды енгізуді және таратуды бақылайды;
  • филиал бөлімдерінің, БМЖ саласындағы мақсаттар мен міндеттердің желілік деңгейдегі бөлімшелерінің әзірленуін бақылайды;
  • өңірлік деңгейде ішкі аудиттерді жоспарлауды ұйымдастыру;
  • пайдалану локомотив деполарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады;
  • пайдалану локомотив деполарындағы поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай күйіне талдау жасауды бақылайды;
  • пайдалану локомотив депосы мен агенттік пункттерінің учаскелерінде техникалық сабақтардың өткізілуін бақылау;
  • ТЧЭ бойынша жасалған шартқа сәйкес техникалық кабинеттерді (стендтер, плакаттар және т. б.) жарақтандыру үшін материалдық жауапкершілікті бақылауды жүргізу;
  • филиалдың келіп түскен телеграф нұсқауларын және телеграф нұсқауларында көрсетілген талаптарды уақтылы пысықтауды қамтамасыз етеді;
  • техникалық құжаттаманы келісуді жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы