Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік инженері

«Шардара су электр станциясы» АҚ Шардара қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
35

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1) кәсіпорынның қауіпті өндірістік объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бақылаушы органдар анықтаған бұзушылықтарын талдауды жүзеге асырады және кәсіпорынның қызметтерімен және бөлімшелерімен бірлесіп, оның негізінде алдын алу іс-шаралары бойынша ұсыныстар дайындайды;

2) мамандандырылған оқу орталығымен өрт-техникалық минимум жөніндегі кәсіпорынның басшылары мен мамандары үшін өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша бағдарламалар мен емтихан билеттерін әзірлеуге қатысады;

3) кәсіпорындардағы инциденттерді, өрттерді есепке алуды және талдауды жүргізеді, инциденттерді, өрттерді тексеру актілерінде көрсетілген іс-шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

4) инциденттерді, өрттерді тексеруге қатысады, оларды болдырмау жөнінде ұсыныстар дайындайды;

5) өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнаманың және қолданыстағы нормативтік құжаттардың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес өрт қауіпсіздігін жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және тікелей басшыға енгізеді;

6) өрт автоматикасын қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту жөнінде ұсыныстар дайындауға қатысады;

7) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білу көлемінде өрт-техникалық минимум бойынша, өртке қарсы режим, технологиялық процесс пен кәсіпорын өндірісінің өрт қауіпсіздігі бөлігінде, сондай-ақ өрттің алдын алу, өрт кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын және мүлікті құтқару бойынша практикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін кәсіпорындарда өрт туындаған кездегі тәсілдер мен іс-қимылдар бойынша оқытуға жіберуді ұйымдастырады және кәсіпорын мамандарының;

8) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттар өзгерген кезде өз құзыреті шегінде оларды кәсіпорындарға енгізу жөнінде шаралар қабылдайды;

9) өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұйрықтардың, өкімдердің және нұсқаулықтардың жобаларын әзірлеуге қатысады;

10) кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен өрт қауіпсіздігі мәселелерінде кәсіпорынды күзету жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

11) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтің кәсіпорын объектілерін өрттен қорғау және өрт-алдын алу іс-шаралары саласында авариялық-газдан құтқару жұмыстарын орындау жөнінде қызметтер көрсету сапасын бақылайды;

12) талдаулар жүргізеді және есептер, тұсаукесерлер дайындайды, от жұмыстарын қысқарту және қауіпсіз жүргізу бойынша, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсынымдар мен іс-шаралар әзірлейді;

13) анықталған бұзушылықтарды, қолданыстағы нормаларды, тәртіпті және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтарды жою үшін кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына жазбаша нұсқаулар, ұсынымдар береді;

14) кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелеріне өрт қауіпсіздігі және кәсіпорынның нормативтік актілері мен ішкі нормативтік құжаттарын орындау саласында өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультация береді;

15) мемлекеттік өртке қарсы қызмет жүргізетін объектінің өртке қарсы жай-күйін егжей-тегжейлі, бақылау, нысаналы және кешенді тексерулерге және өрт-техникалық комиссияның жұмысына қатысады;

16) кәсіпорын персоналын өрт қауіпсіздігі мәселелеріне оқытуды жүргізеді;

17) кәсіпорын басшыларының, мамандары мен қызметшілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімдерін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысады;

18) кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің нұсқамаларда, мемлекеттік өртке қарсы қызмет, жоғары тұрған ұйымдардың мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет актілерінде, өрт қауіпсіздігі бөлімінің актілерінде ұсынылған іс-шараларды орындауын, өрт қауіпсіздігі саласындағы паспорттардың, журналдардың тиісінше ұсталуын, болуын және жүргізілуін бақылайды.

19) Тәуекелдер бойынша тренингтерге міндетті түрде қатысуды жүзеге асырады;

20) Халықаралық стандарттарға сәйкес корпоративтік менеджмент жүйесінің (бұдан әрі - КСМ) талаптарын орындау: ISO 9001 сапа менеджменті жүйесі, ISO 45001 денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі, ISO 14001 экологиялық менеджмент жүйесі, ISO 50001 энергетикалық менеджмент жүйесі және ISO 37001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесі:

Талаптары:

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 5 жыл стажы болуы тиіс, мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеруі, компьютерде жұмыс істеу дағдылары болуы тиіс;

Тестілеу электр энергетикасы саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік-техникалық құжаттарын, Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік, өрт және электр қауіпсіздігі қағидаларын білу жөніндегі мәселелерді, сондай-ақ энергетикалық жабдықта жұмыстарды ұйымдастыру және қауіпсіз орындау тәртібін қамтиды

Шарттары:

Өрт және өнеркәсіптік инженердің пайдаланатын мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

еңбек тәртібін, қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігін (ӨҚЕ) сақтау, 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін. Жұмыс орын мына мекен-жай бойынша орналасқан: Түркістан облысы, Шардара ауданы, Шардара қаласы, Елмұратов көшесі, № 13 үй.

Қажетті қабілеттер

  • Отвественнность
  • - Стрессоустойчивость и способность принимать решения в сложных ситуациях.
  • - Трудолюбие.
  • - Коммуникабельность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)