Жетібай к/о Қауіпсіздік секторының қауіпсіздік қызметінің инспекторы (негізгі қызметкердің уақытша болмау кезеңіне)

«Oil Services Company» ЖШС Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
31

Қаралған саны:
339

   Конкурс туралы

Қажетті біліктілік:
Білімі:
Жоғары заңгерлік немесе экономикалық білім.
Мамандық/кәсіп бойынша тәжірибе: Мамандығы бойынша кемінде 1 жыл немесе өндірісте кемінде 3 жыл жұмыс өтілі. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
-Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
-«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Психобелсенді заттарды қолдану және масаң күйде болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрық;
-«Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);
-«Азаматтық қорғау туралы» заң;
-Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі;
-Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі;
-«Күзет қызметі туралы» заң;
-«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заң;
-«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
-Келіссөздер жүргізу қабілеті; 
-
Офистік компьютерлік бағдарламаларды, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану;
-
Ақпаратты жинау және талдау, құжаттар, қорытындылар мен есептер дайындау;
-
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас;
-
Өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;
-
Жауапкершілік;
-
Орындаушылық;
-
Командамен жұмыс істей білуқ.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:
1) Серіктестікті және оның жекелеген объектілерін қорғауды және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
2) Серіктестік басшылығы бекіткен тәртіпке сәйкес объектіде өткізу режимін ұйымдастырады, құжаттардың шынайылығы мен талаптарға сәйкестігіне назар аударады.
3) Өткізу режимін бақылайды, бұзушылықтар анықталған жағдайда қауіпсіздік қызметінің жетекшісіне хабарлайды.
4) Серіктестік директоры бекіткен жұмыс тәртібін сақтайды және оны қызметкерлерден де талап етеді.
5) Келушілер арасынан күзет режиміне негізсіз қызығушылық танытатын және құпия ақпарат алуға тырысатын тұлғаларды анықтайды.
6) Қауіпсіздік қызметінің немесе Серіктестік қызметкерлеріне шабуыл жасалған жағдайда, қажетті қорғану және шабуылдаушыларды ұстау шараларын қолданады.
7) Қылмыстық әрекет жасаған немесе құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырады және оқиға туралы қауіпсіздік қызметінің жетекшісіне хабарлайды.
8) Құқық қорғау органдары келгенге дейін оқиға орнын күзетеді, медициналық көмек шақырады және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетеді.
9) Серіктестікке экономикалық зиян келтіруі мүмкін ақпаратты жинау, алу және талдау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады.
10) Террористік тұрғыда осал Серіктестік объектілері туралы ақпаратты жинау және жүйелеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шаралар өткізеді.
11) Маңғыстау облысы әкімдігімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, Серіктестік қызметкерлерінің деструктивті қоғамдық-саяси ұйымдарға және дәстүрлі емес діни ағымдарға тартылуына жол бермеу бойынша іс-шараларға қатысады.
12) Қорғалатын объектілерді тексеруге, олардың аттестациясы мен санатталуына қатысады.
13) Қорғаныс және бақылау техникалық құралдарына қажеттілікті анықтайды, оларды сатып алуға негіздемелер мен есептеулері бар өтінімдер жасайды, олардың жеткізілуі мен қолданылуын бақылайды.
14) Қауіпсіздік қызметінің жетекшісі уақытша болмаған жағдайда (демалыс, іссапар, сырқат), оның міндеттерін атқарады.
15) Серіктестік қызметкерлері арасынан алкогольдік, есірткілік немесе уытты мас күйінде жүрген тұлғаларды анықтайды. Анықталған жағдайда медициналық куәландыру ұйымдастырады және Қауіпсіздік қызмет жетекшісі мен ӨБ басшылығына хабарлайды.
16) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатпен, кодекстермен және ішкі құжаттармен немесе заңнамамен белгіленген талаптарды сақтайды не оларды сақтау мүмкін еместігі туралы тікелей басшысына хабарлайды.
17) Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың жасалғаны немесе дайындалып жатқаны туралы білген жағдайда комплаенс функциясына немесе «Сенім телефонына» дереу хабарлайды.
18) Жеке үлгі көрсетіп, қауіпсіз мінез-құлық пен ережелерді сақтайды, сондай-ақ басқа қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі (ЕҚ), еңбекті қорғау (ОТ) және қоршаған ортаны сақтау (ҚОС) талаптарын орындауға ынталандырады.
19) Өндірістік қауіптер мен тәуекелдерді басқаруға қатысады, оларды төмендету, ЕҚ, ОТ және ҚОС-ты жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және енгізеді, өндірістік жарақаттар мен кәсіби аурулардың, оқиғалардың және төтенше жағдайлардың алдын алады.
20) Қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелер жүргізетін жабдықты пайдалану, жөндеу, монтаждау және реттеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және ол үшін жауапты болу.
21) Құрылымдық бөлімшелерге қарасты объектілерде ЕҚ, ОТ және ҚОС-тың жай-күйін тексереді, сәйкессіздіктерді талдайды және оларды жою бойынша шаралар әзірлейді.
22) Өндірістік процестер мен жекелеген жұмыстарды қауіпсіз және дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз ету.
23) Жоғары қауіпті жұмыстарды наряд-рұқсат бойынша және белгіленген тәртіппен (ережелер, нұсқаулықтар бойынша) ұйымдастыру.
24) Қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсілдеріне уақытылы және сапалы оқытуды ұйымдастыру, нұсқамалардың уақытылы және сапалы жүргізілуін бақылау.
Жұмыс шарттары:
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ресми жұмысқа орналастыру, толық әлеуметтік пакет.
Жұмыс кестесі: Ауысымдық кесте.
Корпоративтік жеңілдіктер (медициналық сақтандыру, қызметтік көлік).
Мұнай сервисі секторының тұрақты компаниясында жұмыс істеу.

Қажетті қабілеттер

  • обеспечение охраны и безопасности Товарищества и отдельных его объектов
  • контролирует пропускной режим, в случаи нарушения уведомляет руководителя группы безопасности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр