Құбыржөндеуші (сызықтық) ОАВП Павлодар мұнай құбырлары басқармасы (вахтасыз, Павлодар қ.)

«ҚазТрансОйл» АҚ Павлодар қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
37

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  •  1) құбырөткізгіште тораптарды монтаждау. Құбырларды центрлеу.  Диаметрі 200 мм-ден асатын құбырларды иілу.  Эскиздер бойынша арматура мен фасонды бөліктерді белгілеу және орнату.  Жоғары қысымды ажыратқыш және сақтандырғыш арматураны ревизиялау және жөндеу.  Ажыратқыш арматураны, тораптарды және құбырөткізгіштің жекелеген учаскелерін опрессовкалау.  Құбырөткізгіште және арматулада мұнай мен мұнай өнімдерінің ағуын жою.  ысырмалардағы сальниктерді тығындау және тарту.  Конденсат жинағыштарды ревизиялау.  Су және бу құбырлары желілерінде қалпына келтіру жұмыстары, олардағы арматураны демонтаждау, жөндеу және монтаждау.  Бөлшектерді, құбырларды слесарлық өңдеу.  Жіп кесу.  Тесіктерді бұрғылау.

    2) Құбырөткізгіштерде монтаждық және қалпына келтіру жұмыстарын орындау, құбырлардың антикоррозиялық оқшаулауды жағуға арналған бетін дайындау.  Бастырма (грунтовка) мен битум мастикасын дайындау.  Құбырларға оқшаулауды жағу;

    3) дәнекерлеуге арналған құбырларды центрлеу және дайындау, әртүрлі тесіп қосуларға, бұрмаларға және арматураға арналған белгілеу;

    4) өтпелерді, захлесттерді, қыспалы және галтелді муфталарды, катушкаларды, ажыратқыш арматураны монтаждау;

    5)  Қызмет көрсетілетін құбырөткізгіштерді жерүсті патрульдеу, магистральды құбырөткізгіштерді қорғау ережелерінің бұзылуын анықтау;

    6) Жоғары қысымды ажыратқыш және сақтандырғыш арматураға техникалық қызмет көрсету, ревизиялау және жөндеу; бақылау-өлшеу аспаптарын демонтаждау және орнату;

    7) ағаш ұсталық, сылақшылық және бояу жұмыстарын орындау;

    8) құбырөткізгішке резеңке шарларды және сазды тығындарды орнату;

    9) құбырөткізгіш траншеяларын ашу кезінде қосалқы жұмыстарды орындау (қатты жынысты топырақты механикалық өңдеу), траншеялар мен шұңқырларды кері көму;

    10) Бөлшектерді, муфта конструкцияларын, құбырларды слесарлық өңдеу, жіп кесу, тесіктерді бұрғылау; шлифмашиналармен металды абразивті өңдеу, пневматикалық құралмен жұмыс;

    11) қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау немесе электрқауіпсіздік саласындағы ережелер мен нұсқаулықтардың бұзылуы қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұру;

Талаптар:

  • «Құбырөткізгішші желілік» мамандығы бойынша біліктілік куәлігінің болуы, кемінде 4-разряд

Жағдайлар:

  • 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттық жұмыс күні, еңбек жағдайлары ауыр
  • Жұмыс орны: Павлодар қ., Солтүстік өнеркәсіп аймағы

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру