"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының заң бөлімінің жетекші маманы уақытша

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
2057

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Өндірістік міндеттер:

    Жұмыстарды ұйымдастыру: электрондық база, «Параграф» Ақпараттық жүйесі арқылы Филиалды Қазақстан Республикасының Заңдарымен, нормативтік-құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету, Филиалдың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті;

    Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді электронды түрде жергілікті желіде барлық құрылымдық бөлімшелердің пайдалануына орналастыру. Құрылымдық бөлімшелердің/жекелеген мамандардың өтінімі бойынша электрондық пошта арқылы сұратылған нормативтік актілерді, сондай-ақ олардың өз функциялары мен міндеттерін жүзеге асыруы үшін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді тарату;

    Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және оны қолдану тәртібі, құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету, Филиал қызметкерлерін әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша консультциялау, заңгерлік құжаттарды дайындауда құқықтық көмек көрсетеді;

    Кәсіпорынның нормативтік-құқықтық актілер тізімін (енгізілетін өзгерістерді ескере отырып) тоқсан сайын жаңарту, нормативтік-техникалық құжаттама бойынша (егер ол «Параграф» АҚЖ-де болса) жылына бір рет;

    Кәсіпорын басшысының қол қоюына ұсынылатын бұйрықтар, өкімдер, шарттар және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттар жобаларына құқықтық сараптама жүргізу, құжат жобаларын жауапты қызметкерлермен келісу кезеңдерінің сақталуын тексеру, заңнаманың өзгеруіне байланысты актілерге өзгерістер енгізу немесе олардың күшін жою туралы жауапты қызметкерлерге нұсқамалар беру;

    Сотқа дейінгі талап-арыз (претензиондық) жұмысын жүргізу, шарттық және өзге де дауларды сотқа дейінгі тәртіппен реттеу сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

    Заң бөлімі бастығына сотқа дейінгі дауларды реттеу, талап-арыздарды толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы, сотқа талап қою туралы тиісті ұсыныстарды дайындау және ұсыну;

    Газ тұтынушылары мен Филиал арасында сотқа дейінгі тәртіппен даулы мәселелерді реттеу жөніндегі жұмысты заңгерлік сүйемелдеу;

    Заң бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынған қажетті құжаттардың толық пакеті негізінде Қоғам мен Филиалдың контрагенттерімен келіспеушіліктер мен даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеу үшін шаралар қабылдайды; Тұтынушыларға/Контрагенттерге талап-арыздарды дайындайды, оларды жібереді және Тұтынушыларға/Контрагенттерге жолданған талап-арыздардың қанағаттандырылуын бақылауды жүзеге асырады;

    Филиалдың дебиторларына (халыққа, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға), жасалған шарттардың талаптарын бұзған Тұтынушыларға хабарламалар (талап-арыздар) дайындау;

    Тұтынылған газ үшін берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу (шарттық міндеттемелерді бұзу) және Қоғамның мүдделеріне әртүрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда газ құбырларындағы авариялар бойынша келтірілген материалдық залалды өндіріп алу үшін сотқа талаптар/өтініштер дайындау;

    Мүдделі құрылымдық бөлімшелерден қажетті ақпаратты сұрату, қажетті құжаттарды (хаттар, шағымдар, өтініштер, шарттардың көшірмелері, салыстыру актілері, анықтамалар, актілер, нұсқамалар және т.б.) сотқа соттық талап-арыздарды берген кезде дәлел ретінде ұсыну үшін дайындау;

    Қоғамға берілген талап-арыздар бойынша көшірмелерді зерделейді, талап-арыздық жұмыс бойынша есеп жүргізуді қамтамасыз етеді;

    АО «QazaqGaz Aimaq» мүдделерін соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген сенімхат шеңберінде ұсыну (сотқа қатысу, сот шешімдеріне, қаулыларына, сот ұйғарымдарына және т.б. шағымдану). Қажет болған жағдайда бірінші инстанция соттарының шешімдеріне апелляциялық және кассациялық шағымдарды дайындау;

    Сот шешімдерін мониторингтеу (соттық талап-арыздар мен электронды түрде қабылданған шешімдердің тізілімін жүргізу), заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмысты жүргізу;

    Филиалдың қызметін жүзеге асыру үшін қажетті лицензияларды, рұқсаттарды алу мақсатында өтінімдер, арыздар және басқа да құжаттарды дайындайды;

    Кәсіпорын мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды, материалдық жауапкершілік туралы шарттарды әзірлеуге қатысады;

    Заң бөлімі қызметтік үй-жайларында бекітілген жұмыс орнында санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауды және тиісті тәртіпті орындау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді;

    Өзіне бекітілген жиһаздың сақталуын қамтамасыз етеді, ішкі жабдықтың, оның ішінде бекітілген ұйымдастыру техникасының ақаусыз жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;

    Қажет болған жағдайда жұмыс орындарын жиһазбен және басқа да аксессуарлармен (перделер, орындықтар және басқа да құралдар) ауыстыру (объективті жағдайларға байланысты істен шыққан кезде) немесе жабдықталуын жақсарту бойынша жиынтық өтінім жасауға қатысады;

    Жалпы іс жүргізуді жүзеге асырады, оның ішінде:

    - іс жүргізуді мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу;

    - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау және жіберу;

    - бөлімнің істері бойынша жиынтық номенклатураға сәйкес құжаттарды мұрағаттық сақтауды ұйымдастыру;

    Тұтынушылардың хаттарымен және шағымдарымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалармен танысу. Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес жазбаша жауаптарды дайындау;

    Компания басшылығы мен Компанияның тиісті Департаменттерінің тапсырмаларын, бұйрықтарын, өкімдерін орындау бойынша хаттарды дайындау;

             Жамбыл облысы бойынша сот актілерін орындау жөніндегі Департаменттің құрылымдық бөлімшелерімен/жеке сот орындаушылармен бірлесіп, атқарушылық іс жүргізуге сәйкес сот шешімдері негізінде жеке және заңды тұлғалардан берешекті өндіріп алу, өндірілген сомаларды мәжбүрлеп талап ету бойынша жұмыс жүргізеді.

Талаптар:

  • Жалпы білім – жоғары кәсіптік (заңгерлік) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы